Аймақтар • 26 Қаңтар, 2018
Атақты «Ақ үй» мен сырға толы «Сары үй»
Тастан шекпен киген әр шаһардың ахуал-аурасы, кеңістігі, тұтас тағдыры, тіпті көңіл күйі оның әлеуметтік әлеуетіне, архитектурасына ғана емес, ең алдымен оны мекендейтін адамдардың, әсіресе зиялы адамдарының көптігіне, солар қалыптастырған мәдениеттің мығымдығына, сол жайсаңдардың соңында жаңғырып тұрар жақсы атына қарайлас.
Қазақстан • 26 Қаңтар, 2018
Кастамону – түркілердің бас кенті
Түркияның Кастамону қаласы Түркі дүниесінің 2018 жылғы астанасы болып жарияланғаны көзіқарақты көпшілікке белгілі болса керек. Міне, осы айшықты оқиғаға орай аталмыш шаһарда салтанатты шара өтті.
Медицина • 26 Қаңтар, 2018
Бабалар батасының бағы қашан ашылады?
Ұлтымыздың салт-санасы, әдет-ғұрпы, үлгі-өнегесі өлшеусіз. Оны ешнәрсеге теңгере алмайсың. Даласындай кең, данасындай терең мағыналы. Соның бәрін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған халқымыздың жады қандай мықты еді.
Тарих • 26 Қаңтар, 2018
Міржақыптың туған ағасы Асқар Дулатов та саяси қуғын-сүргін құрбаны болған
Қасіреттің қаны тамған шеңгелді кезеңнің от бүркуінен Дулатовтар шаңырағы үйітіліп, жойылғалы тұрды... Міржақып тағдыры белгілі...
Адамзат тарихында нақ жиырмасыншы ғасырдай әрі ұлы, әрі дүлей ғасыр сирек кездескен-ақ шығар. Осынау алапат ғасырда демографиялық тұрғыдан алғанда дәл қазақтай шығын көрген халық жоқ екендігін жаны жаннатта болғыр бас демограф-ғалымымыз Мақаш Тәтімов ағамыз да әркез ізерлеп айтып отырушы еді. Халқымыздың саны ғана еселеп кеміп қойған жоқ, сапасы да құлдырады. Әсіресе 1937-38 жылдардың сүргіні қазақтың ақыл-ойына, зиялысына келген ғаламат зауал болды.