Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Алматыда әл-Фарабидің 1150 жылдығы ресми түрде бастау алады
Бүгін Алматыда «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығы салтанатты түрде старт алады. Өткен жылы-ақ заманалардың ғұлама ғалымының мерейтойына арналған үлкен дайындықты оның кіндік қаны тамған Қазақ елі бастап кеткен-ді.
Парламент • 29 Қаңтар, 2020
Асқар Шәкіров Азамат Шамбиловпен кездесті
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров «Penal Reform International» (PRI) ұйымы Орталық Азиядағы өкілдігінің аймақтық директоры Азамат Шамбиловпен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 29 Қаңтар, 2020
Коронавирус: Қытайда алғашқы емхана екі күнде ашылды
Ухан маңындағы қалада Қытай билігі уәде еткен алғашқы коронавирус жұқтырған науқастарға арналған емхананың бірі жұмысын бастады. 48 сағат ішінде жұмысшылар мен еріктілер бос тұрған ғимаратты мың орындық емханаға айналдырған.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Шымкенттегі жоғары оқу орнында Парасат мектебі мен Адалдық дүкені ашылды
Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде сатушысыз дүкен жұмыс істей бастады.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Жамбыл облысында бір түнде 206 бас қойды қасқыр қырып кетті
Жамбыл облысында қыс келіп, күн суытқалы бері әсіресе ауылды жерлерге түз тағылары тыным бермей тұр. Осы уақытқа дейін өңірдегі бірқатар шаруашылықтың малы қасқырларға жем болған еді.