Қоғам • 30 Қаңтар, 2024
Жол ережесін бұзу дерегін хабарлағанда сыйақы беріле ме?
Кейінгі кезде көлік жүргізушілерінің жол ережесін бұзғаны жөніндегі деректі тек жол-патрульдік полиция өкілі не «Сергек» камералары ғана емес «үшінші тұлғалар да» жиі назарға іліп жүр. Елдегі көлік тізгіндеген азаматтар айыппұл арқалағаны туралы ақпаратты полицияға ұсынған үшінші тұлға екені анықталғанда пікірі қақ бөлініп жатады. Кейбірі жол ережесін сақтауға қоғам мүдделі болу керек деген ойды қуаттаса, келесі топ құзырлы мекеме қызметі болмаса өзге біреудің негізді-негізсіз ақпарат жіберуі алауыздыққа алып келеді деген ұстанымға арқа сүйейді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 30 Қаңтар, 2024
Қазақстан өзінің су қауіпсіздігін толық қамтамасыз етеді: Үкіметте жаңа шаралар бекітілді
Үкімет отырысында Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бизнес • 30 Қаңтар, 2024
Елімізде кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа бағдарламасы әзірленді
Кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттардың экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары біріктіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Музей • 30 Қаңтар, 2024
Асанәлі Әшімовтің құрметіне музей-бұрышы ашылады
Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов өзінің қолжазбаларын, ордендерін және өзге де заттарын архивке тапсырмақ. Сонымен қатар Алматыдағы мемлекеттік архивте «Кино және театр тарланы – Асанәлі» музей-бұрышының салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 30 Қаңтар, 2024
Қазақстанда жасанды интеллект бойынша цифрлық платформа іске қосылды
Бүгін Astana Hub корпоративтік қоры ai.astanahub.com цифрлық платформасын іске қосты. Жаңа платформа инновациялар мен әртүрлі салаларда жасанды зиятты қолдануға ықпал ететін бірыңғай кеңістікті қалыптастыру үшін үкіметтің, бизнес пен білім беру саласының күш-жігерін жұмылдырады, деп хабарлайды Egemen.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.