Руханият • 31 Қаңтар, 2024
«Қазақтай» болсын БАҚ-тың бәрі
ХХ ғасыр қазақ даласының табалдырығынан түнере аттады. Азаттықтың туы болған «Қазақ» газеті мұны көзіқарақты оқырманына былай сипаттап жеткізді: «Төңірекке қарасақ, түнерген-түнерген бұлттар көрінеді, түбі қандай белгісіз, не боларын білмейміз. Нұр болып жауып, жерімізді көгертіп, несібемізді молайтар ма? Болмаса, дауыл болып соғып, үйімізді жығып, үй ішімізді шашып тастар ма? Көзіміз бұған жетпейді. Жалаң аяқ, жалаң бас, жеңдеріміз киюсіз, етектеріміз жиюсыз, ашылып-шашылып, қамсыз жатқан халықпыз.
Қысқы спорт • 31 Қаңтар, 2024
Қазақ спорты жылдан-жылға дамып келе жатыр. Әйтсе де күрмеуі шешілмеген мәселелер әлі де көп. Жазғы Олимпия ойындарында жақсы нәтиже көрсетсек те, қысқы спорт додаларында қынжылып қалатынымыз рас. Қаржыны бөлгенмен, қоржыны толмай қайтатын спортшыларымыз үмітті неліктен ақтай алмай жатыр? Мемлекеттің ең бағалы капиталы дені сау ұрпақ болса, кәсіби спортпен шұғылдану үшін балаларға барлық жағдай жасалған ба?
Тұлға • 31 Қаңтар, 2024
Бұрын елімізде кардиологиялық орталық тек Алматыда ғана болды. Тәуелсіздік жылдарында оған Астана қосылды. Облыс тұрғындардың көбінің қолы осы екі қаладағы емдеу орындарына жете бермеді, өйткені сырқаттар саны көп, кезек үлкен. Біздің облыстың тұрғындары жүрек-қан тамырлары кеселінен емделуге көбінесе Ресейдің көршілес қалаларына сабылатын.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024
Әр қаланың дамуында құрылыс жұмыстарының алар орны айрықша. Сапалы да сәнді етіп соғылған сан алуан ғимарат шаһар көркін ашып, қаланың даму деңгейін бір саты жоғарылатып тастайтындай. Кейінгі жылдары жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының қарқынына көз жүгіртсек, осы салада ілгерілеген үрдістің барына куә болып, қуанамыз. Құрылыстың көбеюі әлеуметтік мәселелердің оңынан шешілуіне жәрдемдеседі. Күрделі жөндеуден өткен тұрғын үйлердің жаңа келбеті шынымен де көз тартады екен. Мұның бәрі жергілікті тұрғындардың игілігіне жарап, жұмыссыздық деңгейінің азаюына да өз үлесін қосары сөзсіз. Биыл да қаламызда осындай оң істер жалғасын тауып, бірқатар тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Театр • 31 Қаңтар, 2024
«Астана опера» театрының балет әртісі Қуат Кәрібаев Ресейде өткен «Одиссея-Arts» халықаралық көпжанрлы арт-олимпиаданың «Хореография» аталымында I дәрежелі лауреат атанды.