Қоғам • 30 Қаңтар, 2023
Еліміздің әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2020 жылы қабылданып, 2021 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілгені белгілі. Құжаттың негізгі міндеті – адамдардың құқықтары мен бостандықтарын жеке немесе заңды тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік орган әрекет ететін әкімшілік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау.
Медицина • 30 Қаңтар, 2023
Күйзелгенге көмектесетін 3580 call-орталығы
Адамдар қиын жағдайларға тап болып торыққанда түрлі қателікке ұрынып, тіпті өз өзіне қол салуға дейін баратынын, бірақ тікелей психиатриялық көмек көрсететін медициналық мекемелерге қаралуға жұрттың қауесетінен қаймығатынын айтып жатады. Ендігі жерде күйзеліске түскендерге қолұшын созатын call-орталықтары бір айдан бері Алматы, Тараз және Семей қалаларында жұмысын бастады.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2023
Күйік шалғандар лайықты ем алды
Шалғайда жатқан Мойынқұм ауданының 26 және 54 жастағы екі тұрғынының денесін толықтай дерлік күйік шалған. Биназар ауылының тұрғындары дәрігерлердің жедел іске кірісуінің арқасында өмірге қайта келгендей күй кешіп отыр.
Медицина • 30 Қаңтар, 2023
Сәбиге жасалған күрделі операция
Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының таратқан мәліметіне сәйкес қаңтар айының басында аталған клиникаға төрт айлық сәби жедел жәрдеммен жеткізілген. Ауруханаға шұғыл әкелуге сәбидің тоқтаусыз жөтелуі, ентігуі мен бойындағы жалпы әлсіздік белгілері себеп болған. Дәрігерлер шақалақтың кеуде қуысын рентген аппаратына түсіру арқылы оң жақ көкірегінде жарықтың барын анықтаған.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2023
Кітапхана – ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылықтың киелі ордасы. Ал осындай киелі орданың жүрегі – кітапханашы.