Өнер • 29 Қаңтар, 2023
Шығармашылық жаратылысы шиыр-шиыр өнер адамы туралы бір пайымды сөз айту да қиын. Оның күрделі табиғаты, жазу машығы, шытырман қиялы ойыңды қағазға түсіртпей сан соқтырады. Мәселен белгілі суретші Вячеслав Люй-Коның картиналарына қарап отырып, екіұдай күй кешесің: өзге бір өркениеттің өрнектері көрінгендей болады, енді бір сәтте бағзыдағы жыраулардың қобыз сарыны еседі.
Кино • 29 Қаңтар, 2023
Кеңес дәуірінде халқымыздың көгінен құйрықты жұлдыздай ағып өткен ғалым, тарихшы, шығыстанушы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уәлиханов туралы екі фильм түсірілді. Ұлы тұлға туралы алғашқы толық метражды көркем фильмді 1957 жылы Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы мен Ленфильм жарыққа шығарды. Туындыны Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген кәсіби режиссер Мәжит Бегалин түсірді.
Өнер • 29 Қаңтар, 2023
Бәрін қойыңызшы, вальс билейікші?! Алғаусыз Аль Пачино секілді… Бізден түскен махаббат көлеңкесіне гүлдер саяласын! Құстар қуанышымызға ортақтассын, егізінен айырылған аққулар қызғаныштан көл бетінде өртенсін! Буынымызды босатып, бұрала билейікші! Мүмкін, бұл мекенжайсыз сағыныштардың күтпеген кездесуі шығар.
Спорт • 29 Қаңтар, 2023
Еркін күрестен екі дүркін Олимпиада және бір дүркін әлем чемпионы дағыстандық балуан, авар ұлтының ұланы Мәулет Батыров «Кавказ балуандарының басты ерекшелегі қандай?» деген тілші сұрағына: «Біздің жігіттерде рух басым» деп бір ауыз сөзбен жауап берген екен. Соңғы кездері Мәулет балуанның жоғарыдағы бір ауыз сөзі көкейден кетпей қойғаны.
Туризм • 29 Қаңтар, 2023
Экотуризмге – айрықша көзқарас
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісуға келген сапарында экологиялық туризмді дамытуды тапсырған еді. Қора шатқалына туристерге көлікпен баруға қолайлы жағдай туғызу туралы да баса айтқан. Сол мақсат шеңберінде өңірде Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі жолға жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Одан да бөлек ілкімді істер қолға алынып жатыр.