Қоғам • 29 Қаңтар, 2023
Кітапты және оқуды насихаттау, қоғамда кітапқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында өңірде игі бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл орайда заман ағымына сай кітапхана қызметін пайдаланушылардың интеллектуалды деңгейі мен сұраныстарын ескерген, менеджер, бағдарламашы, психолог сынды бірнеше саланы меңгерген кітапханашылардың еңбегі ерен.
Өнер • 29 Қаңтар, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармониясы Қазақ ұлт аспаптары оркестрінің «Қазағымның күйлері-ай» атты концерті өтті. Оны аталған оқу ордасындағы «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігі ұйымдастырды.
Руханият • 29 Қаңтар, 2023
Айналамызға адами түсінікпен қарасақ, не кедергі емес, бәрі-бәрі кедергі. Тіптен алдымыздан қарсы соққан жел де кедергі. Дүниедегі бар құбылыстар мен заттардың бәрі бір-біріне кедергі. Кедергі туралы ғылымда «сопромат» деп аталатын қыртысы қат-қабат пән бар.
Тарих • 29 Қаңтар, 2023
Әннің түпнұсқа аты – «Қаракөз»
Мен Зеберше туралы жазылған естеліктер мен эсселерді түрлі басылым беттерінен көріп қаламын. Мысалы, 2002 жылы Оңтүстік өңіріндегі аудандық «Мақтаарал» газетінде жарияланған Ө.Еркебайұлының «Сүйгенім менің қалада», 2014 жылы шілде айындағы «Жас Алаш» газетінде белгілі журналист Кемелбек Шаматайдың «Ән авторының есімі – Зеберше», басылымдағы Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Жомарт Игіманның «Зеберше Оспанованың өзі жоқ болса да, көзі бар» атты мақаласы әлі есімде.
Өнер • 29 Қаңтар, 2023
«Ата жауыммен аспанда жүріп айқассам» деген арманын тас-талқан етіп, тұла бойында тұнып тұрған талантын театрға барып ашсын дегендей, әу бастан әртіс жасауға тағдырдың өзі бейімдеп алған ба дерсің. Алматының жота тұсын жоғары өрлей жатқан «Горный гигант» аталып кеткен Қамыссай ауылында өмірге келіп, №12 мектепті бітірген жылы соғыс басталады. Аэроклубта дайындық курсынан өтіп, Ташкент ұшқыштар училищесіне оқуға түсіп, әскерге дайындығын бастайды.