Аймақтар • 30 Қаңтар, 2024
Облыс орталығы Тараз қаласы мен аудандардағы елді мекендердің бірқатар көшесінің бүлінген жолдарын жөндеу жұмыстары кейінгі уақытта қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Жергілікті халықтың талап-тілегіне құлақ асқан өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің өзі бұл мәселені жеке бақылауына алған еді.
Өнер • 30 Қаңтар, 2024
Үнді тыңдармандарын тәнті етті
Үндістанда екі аптаға созылған 33-халықаралық Лакшминараяна музыкалық фестивалі өтті. Оған елімізден де өнерпаздар қатысып, қазақ мәдениетінің мәртебесін асқақтатты.
Көрме • 30 Қаңтар, 2024
Қылқалам шеберінің құнды мұрасы
Әйгілі Әбілхан Қастеевтің Керекуде сақталып тұрған суреттері баршылық. Н.Нұрмұхамедов атындағы өңірлік көркемсурет музейінің қорында қылқалам шеберінің 6 бейнесуреті және 35 түрлі түсті қарындаштармен салған туындылары тұр.
Медицина • 30 Қаңтар, 2024
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде «Ашық есік» күні өтті
27 қаңтар күні облыстық онкологиялық диспансерде «Ашық есік» күні өтті. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды қатерлі ісік ауруынан сақтандырып, алдын алу. Осы мақсатта онкологиялық орталықта 20 кабинет жұмыс істеп, дәрігерлер мігірсіз еңбек етті, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық коммуникация орталығы өңірлік онкологиялық диспансердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сұхбат • 30 Қаңтар, 2024
Жасанды интеллектіні дамытуға қадам бастық
Жасанды интеллектінің мүмкіндігі мен жетістіктерін көз көріп, құлақ естіп жүр. Елімізде де саланы дамытуға ден қойылып отыр. Бірнеше жоғары оқу орнына білім беру бағдарламасын енгізу – осы бағыттағы негізгі қадамның бірі. Отандық ғалымдардың да ізденісі көптеп байқалады. Мәселен, жасанды интеллектінің көмегімен дауыстық хабарламаны мәтінге айналдыратын қосымшаны көзіміз шалды. Оның артықшылығы тілдік дерекқорының молдығында. Яғни бұл бағдарлама қазақ тілінің технологиядағы қолданысының дамуына жақсы әсер етеді. Нейрожелінің мүмкіндігін әрбір салада жетілдіруге осындай отандық жобалар қажет-ақ. Шын мәнінде, жасанды зерденің біздің нарықтағы болашағы, ондағы қазақ тілінің қолданысы қай деңгейде екенін білу үшін Ақпараттық және есептеу технологиялары институты бас директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Өркен МАМЫРБАЕВТЫ сөзге тарттық.