Қазақстан • 03 Қаңтар, 2018
Атырауда «Атырау Цифрлық Қабылдау» қосымшасы іске қосылды
Сол арқылы қала тұрғындары мемлекеттік мекемелерге әр түрлі мәселелер бойынша онлайн тәртібінде тікелей хабарласа алады,- деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аймақтар • 03 Қаңтар, 2018
500-ден астам астаналық интернет алаяқтарға алданып қалған
Олардың дені Қазақстан мен Ресей және шекаралас республикалардың тұрғындары, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Қысқы спорт • 03 Қаңтар, 2018
2018 жыл жарысқа толы жыл болмақ. Футбол жанкүйерлері тағатсыздана күткен басты дода – футболдан әлем чемпионаты өтеді. Одан бөлек қазақстандық клубтардың еурокубоктегі өнерін де биыл ерекше сеніммен күтетін боламыз. Одан бөлек те, ел қоржынына жүлде салатын жарыстар аз емес. Солардың бірі – Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпия ойындары.
Қазақстан • 03 Қаңтар, 2018
БҰҰ ҚК мүшелері қазақстандық төрағалықтың бағдарламасын бекітті
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы жұмысының алғашқы күнінде Қауіпсіздік Кеңестің қаңтар айындағы қызметінің бағдарламасы ұсынылды. Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде өткен ҚК мүше елдері тұрақты өкілдерінің қызмет бабындағы таңғы асында жұмыс жоспарының басты тармақтары талқыланды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан • 03 Қаңтар, 2018
Автоматты жүйеде тіркелген жол жүру ережесін бұзу жайттары бойынша 50% жеңілдік беріледі
Жол жүру ережесін бұзып, камераға түсіп қалған автокөлік иелері бір апта ішінде айыппұл төлейтін болса 50% жеңілдік қарастырылған, деп хабарлайды kolesa.kz.