Руханият • 04 Қаңтар, 2018
Күллі ой-әлемімізді, сана-сезімімізді дүр сілкіндірген Елбасының сан қырлы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қазір өзімізде ғана емес, ниеті мен тілегі бір көптеген көршілес елдерде де қызу талқыланып жатыр. Демек, рухани жаңғыру біздің ғана емес, тілі, діні бөлек елдердің де көкейінде жүрген түйткіл екен. Ал оған қозғау салу үшін бір кемеңгердің дуалы аузынан айтылуы керек еді... Көшбасшымыз осынысымен тағы да ғаламдық ой тастап, сарабдал саясатшы екендігін көрсете білді.
Әлем • 04 Қаңтар, 2018
«Жұмыртқа шеруі». Иранда наразылық акциялары өтті
BBC мәліметі бойынша, Ирандағы шеруде 22 адам көз жұмған. Ирандық БАҚ жұрттың қай жерде опат болғаны туралы ақпарат таратпады. Ал осыған дейін алты адамның Изе қаласында көз жұмғаны белгілі болды. Шерушілер ел президенті Хасан Руханидің тәртіпке шақыруына да құлақ аспады. Иран басшысы өз сөзінде азаматтар билікті сынға алып, ойын еркін білдіре алатынын жеткізді. Сондай-ақ ол шеру кезінде зорлық-зомбылыққа жол берілмейтінін айтты. Наразылық шерулер Керманшах, Хорремабад, Шахиншехр және Зенджан қалаларында өтті.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Солтүстік Қазақстан кәсіподақ ұйымының жаңа төрағасы сайланды
Солтүстік Қазақстан аумақтық кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Ерік Нұрақаев сайланды.
Саясат • 04 Қаңтар, 2018
АҚШ – еліміздің стратегиялық серіктесі
Әлемнің бірінші экономикасы, әскери, ақпараттық және технологиялық державасы болып отырған АҚШ Қазақстанды өзінің стратегиялық әріптесі деп жариялады.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Қостанайдағы «Баян сұлу» акционерлік қоғамының іргесі осыдан 40 жыл бұрын қаланған. Өткен ғасырдың 70-жылдары құрылған, «Қостанай кондитер фабрикасы» деп аталған кәсіпорында өндірілетін өнім түрлері санаулы ғана болатын. Шоколад, карамель, конфет және печенье шығатын. Фабрика ғимаратының жертөлесінде өндірістің бу, тоңазытқыш және механикалық цехтары жұмыс істейтін. Әрине ол кездегі өнімнің түрлерін көбейту үшін жаңалық енгізуден гөрі көлем қуу құбылысынан кондитерлік орталық та сырт қалған жоқ. Оған қоса мұндағы литография цехынан шығатын бояуы жұтаң, суреті солғын орама қағаз тәттілердің тартымдылығын да төмендететін еді.