Тағзым • 30 Қаңтар, 2024
Шоқан Уәлиханов өзінің атасы Абылай хан батырларының арасында Бәсентиін Малайсары мен Уақ Баян батырды бәрінен жоғары қоятынын айтқанын жазып кеткен. Сол Баян батыр 1714 жылы Солтүстік Қазақстанда өмірге келген, биыл оның туғанына 310 жыл толып отыр. Батырдың өз кіндігінен тараған ұрпақтары негізінен қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданында, Қызылжар қаласында тұрады. Сонымен бірге Қостанай, Павлодар және басқа облыстарға да тараған.
Сенат • 30 Қаңтар, 2024
Сенаторлар азаматтық заңнаманы дамыту мәселелерін талқылады
Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы: жағдайы және одан әрі дамыту жолдары» тақырыбы бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Қаңтар, 2024
Илон Масктың «Neuralink» нейротехнологиялық компаниясы алғаш рет адам миына имплант салды. Бұл жаңалықты миллиардер өзінің «Х» парақшасында жариялады.
Технология • 30 Қаңтар, 2024
Жасанды интеллект – адамның санасына ұқсас сипаттарды қамтитын және тапсырмаларды орындауға арналған компьютерлік жүйе. Кейінгі жылдары жасанды интеллект тез дамып, өміріміздің барлық саласына еніп келеді. Технологиялық алпауыттар да, кішігірім стартаптар да оның әлеуетін зерттеу мен жақсартуға ден қойып отыр.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2024
Қар құрсауындағы ауылдарға жол ашылды
Жылқының шоқтығынан асатын қар соңғы рет 1966 жылы жауған деседі Марқа жұрты. Араға 60 жылға жуық уақыт салып, қаңтарда қапалақтаған қар шекара шебіндегі ауылдарды құрсаулап тастаған. Ауыл арасындағы жолдарды ашу былай тұрсын, қора-қопсыға дейінгі аяқ жолын салу мүмкін болмай қалған. Бәрінен бұрын тебіндегі малға қиын соғып тұр. Оның үстіне өткен түндері сынап бағанасы -45 градусқа дейін төмендепті.