Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Алматы облысында медицина қызметкерлеріне 51 көлік табыс етілді
«Адам жанының арашашысы» деген сөз басқаны қайдам, дәл жедел жәрдем қызметіне арналып айтылғандай көрінетіні бар. Көшеден көре қалсақ, ысырылып жол беру мәдениетін де енді ғана меңгеріп келе жатқан сияқтымыз. Мұның бәрі адам шығынының азаюына, науқасқа дер кезінде көмек берілуіне септесетін жайттар. Мұндағы ең басты қажеттілік техника төңірегінде болатыны анық. Сондықтан медициналық жедел жәрдем көлігінің көптігі, әрине, жақсы. Мерекелер қарсаңында Алматы облысында медицина қызметкерлеріне заманауи жабдықтармен жасанған осындай 51 жаңа көлік табыс етілді.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Қарағанды облысы әкімі жедел жәрдем қызметкерлеріне 35 автокөліктің кілтін тапсырды
Таяуда облыс әкімі Ерлан Қошанов өңіріміздегі жедел жәрдем қызметкерлеріне салтанатты түрде жаңа 35 автокөлік кілтін табыс етті. Қазіргі күні аймағымызда барлығы 117 жедел жәрдем бригадасы халыққа қызмет көрсетеді. Соның 49-ы облыс орталығында жұмыс жасауда. Осы күні аталған барлық бригадалар көлікпен қамтамасыз етілген.
Саясат • 04 Қаңтар, 2018
Елбасына жазылған хаттардың авторы жайлы ой-толғаныс
Қазақстанның Еңбек Ері, екі мәрте «Отан», «Құрмет Белгісі» ордендерін кеудесіне таққан, «Алтын барыс» төсбелгісінің иегері, облыстың құрметті азаматы, даңғайыр диқан, білгір ұйымдастырушы, білікті басшы, «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің бас директоры Геннадий Иванович Зенченконың қазасына байланысты Президенттің көңіл айту жеделхатында оның өмірін ауыл шаруашылығына арнағаны, еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына өлшеусіз үлес қосқаны, еңбекпен есейген азаматтың адами қасиеттері, жоғары кәсіби шеберлігі, бай тәжірибесі, өз ісіне деген адалдығы ерекшеленіп тұратыны, бұл еңбегі Қазақстанның Еңбек Ері жоғары марапатымен, басқа да мемлекеттік наградалармен атап өтілгені айтылған-ды. Содан бері арада тұп-тура бір жыл өтті. Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы жеке мұрағатында сақталған Геннадий Ивановичтің екі хатын оқып беріп, Қазақстан бизнесі «капитандарының» табыстары мен нақты өмірбаяндары бүгінде баршаға мәлім деп жоғары баға берген еді. Біз әңгімені осы төңіректе өрбітпекпіз.
Әлем • 04 Қаңтар, 2018
Елбасы жолдаулары өзбек тілінде жарық көрді
«Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің ұжымы Елбасымыздың халыққа жолдауларын өзбек тіліне аударып, кітап етіп шығарды.
Руханият • 04 Қаңтар, 2018
Ел тарихының 30 жылы қамтылған
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында тәуелсіздік кезеңіндегі жаңғыру, сол кезеңдерден өту жолдары жақсы көрсетілген. Туындыда тәуелсіздік кезеңіндегі тарихтың барлық саласы, өмірдің барлық саласы қамтылған. Оның ішінде экономика, саясат, ғылым, білім, күнделікті өмір тіршілігі, халықаралық жағдай да бар.