Білім • 04 Қаңтар, 2018
Елордадағы 110 жылдық тарихы бар Жамбыл Жабаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепішілік мұражайларды дамыту ісін жас ұрпақты ұлттық танымда тәрбиелеуге тиімді пайдаланып келеді. Бір ғана білім ордасының өзінде Абай, Жамбыл және мектеп тарихы мұражайлары жұмыс істейді. Жуырда мектептің педагогикалық ұжымымен кездесіп, аталған мұражайларымен де танысқан едік.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Әулиеатаның он төрт мешітінде имам жоқ
Ұлы даламызда ғасырлар бойы қалыптасқан ілім нұры, білім шуағы ислам дінімен тікелей байланысты. Ата-бабаларымыз қалт жібермей орындаған бес парыз – өмірде өнеге өрнектері арқылы өріліп, Құдіретті тануда даналық пен кемелдікке бас- тайтын жол. Дегенмен, бүгінгі таңда ұлы діннің ұлағатын ұғынбай, жат ағымға еріп жүрген жастардың да бар екені шындық. Бұл орайда баба дінімізді насихаттауда, жастарға оң бағыт көрсетуде мешіт имамдарының алатын орыны үлкен.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2018
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Семейдің жаңа төлтаңбасы қашан қабылданады?
2007 жылы 16 маусымда Семейге келген сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қала атауын өзгерту туралы ұсыныс жасады. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «көшеде «Семей», «Семипалатинск» деп қосарланып жазылыпты. «Абай» яки «Алаш» деп атасақ деген ұсыныс бар. «Семипалатинск» деген сөзді шетел инвесторлары полигон баламасы ретінде түсінеді. Сондықтан бұл қаланы ендігі жерде тек «Семей» деп атасақ қайтеді. Қалалық мәслихат депутаттары солай деп ұйғарса, тездетіп ұсыныс түсірсін», деген еді. Депутаттар бірауыздан қолдау білдірген соң арада 4 күн өткенде Президенттің Шығыс Қазақстан облысының Семипалатинск қаласын қайта атау туралы Жарлығы шықты.
Ақшат ауылында бастауыш мектеп орта мектепке айналды
Соңғы жылдары ел аумағында урбанизация үрдісі терең белең алып отырған жағдайда шағын ауылдарда орта мектеп ашылуы түгілі, бастауыш мектептің жабылып қалуы әбден мүмкін.