Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы бақылауда
Жаңа жылда аймақтағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының көтерілуін болдырмау және тежеу жұмысы жалғасады,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2018
Алматы облысы, Қаратал ауданының кісі аяғы баса бермейтін бір түкпірінде бірді-екілі ғылыми тұжырым болмаса, әлі күнге зерттеліп үлгермеген таңбалы тастар галереясы бар. Атауы да жасандылықтан ада. Жергілікті жұрт Суреттас деп атап кетіпті. Суреттас десе – ғылымнан, баяғы бір дәуірлерден онша хабары жоқ болса да, өзіне дейінгі әр бір төбе мен тасқа соншалық құрметпен қараған елдің кішік қалпын аңдап қаласың. Заман, жылдардан бері қар мен жаңбырға, аңғар бойында арқаңды мұздай қарып бір тынбайтын жел мен дауылға төтеп беріп келген кереге тастар мүжілгенді ар тұтқандай, сынсам морт сынам дейтіндей тәкаппарлана қалыпты. Солай дегенмен, тас та тозады екен...
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2018
Алаштың алғашқы институтына 100 жыл
Жоғары оқу орнының ашылуы – өркениеттіліктің өріне шыққандықтың айшықты бейнесінің бірі. Алаштың арыстары өздеріне мүмкіншілік туғанда қолға алған ең алғашқы шаруаларының бірі де сол болған. Қазақтың оқу-білімге ынтызар жастарының талабын қайтсек тезірек қанағаттандырамыз деген олар қазақтың алғашқы жоғары оқу орнын Ташкент қаласында ашқан...
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2018
Қазақ баспасөз тарихы 1870 жылы жарық көрген «Түркістан уалаятының газетінен» бастау алады. Десе де, ел зиялыларының қаламгерлік қарымы мен жазбагерлік машығын қалыптастырған басылым ол – «Дала уалаятының газеті» еді. Тұңғыш басылымнан 18 жыл кейін жарық көрген бұл газет айналасына қазақ оқығандарын топтастыра отырып, өз заманының деңгейінде Алаш жұрты үшін өзекті мәселелерді ортаға салатын пікір алаңына айнала алды.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2018
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттарға байқау жариялады
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ы үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттарға байқау жариялады.