Медицина • 05 Қаңтар, 2018
«Қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деп, қара шаңырағында көсіліп жатуды кім армандамайды дейсіз?! Әсіресе урбанизация үдерісі белең алған бүгінгі қоғамда баспана проблемасының өзектілігі күшейіп, жоғарыда тілге тиек еткен тіркестің мәні арта түскені түсінікті. 2016 жылдың соңында Үкіметте «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын бекітудегі басты мақсат та халықтың баспаналы болсам деген арманын ақиқатқа айналдыру болатын.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018
Маңғыстауда «Туған жерге – тағзым» атты меценаттар форумы өтті
Елдің дамуы тек түрлі бағдарламаларға «ілініп», бюджеттен бөлінетін қаржылармен шектеліп қалмауы керек. Осы ойды ұстаным еткен маңғыстаулық кәсіпкерлер туған жердің, туған елдің көркеюіне өз үлестерін қосып келеді. Өңірде алғаш рет ұйымдастырылған «Туған жерге – тағзым» атты меценаттар форумында маңғыстаулық атымтайлардың түрлі әлеуметтік жобалардың іске асуына 43 млрд теңге қаражат жұмсағаны белгілі болды.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018
Тараз қаласында жұмысшы топ пен арнайы офис құрылды
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған негізгі міндеттерді жүзеге асыру бойынша Тараз қаласында жұмысшы топ пен арнайы офис құрылды. Сондай-ақ 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018
Елбасы рухани жаңғырудың басым бағыттарын белгілей отырып, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлеріне жаңа міндеттер жүктеді. Сондай міндеттің бірі халқымыздың жадысына айналған табиғи, мәдени жерлерін, діни және заманауи сәулет құрылыстарын ұлттық кодымызды сақтаудың, жалпыұлттық ұғым қалыптастырудың бір тетігі етіп алу болып табылады.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018
Ақтөбе аймағында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қолға алынған іс-шаралардың нәтижелі болуына баса назар аударып келеді.