Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018
"Нұр Отан" партиясы жергілікті филиалы жанында жұмыс істейтін "Денсаулық сақтау" комиссиясының отырысында медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту шаралары қарастырылып, бірқатар міндеттер белгіленді.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
«Астана» халықаралық қаржы орталығы – Еуразияның қаржы қақпасы
Табалдырықтан аттаған – 2018 жылдың алғашқы айтулы оқиғаларының бірі «Астана» халықаралық қаржы орталығының 1 қаңтардан өз жұмысын бастағандығы десек, артық айтқандық бола қоймас. Сөйтіп, тарихта алғаш рет Орталық Азияда, ТМД мемлекеттерінің кеңістігінде халықаралық ірі қаржы орталығы құрылып, Еуразияның «қаржы қақпасы» – «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) әлем инвесторлары үшін есігін айқара ашты.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018
Ақтауда сыбайлас жемқорлық мәселелері сөз болды
Ақтауда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті. Жергілікті және орталық атқарушы органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ облыстық филиалының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
«Мәдениет пен өнерге қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталды
О баста өзіне өлшеусіз ынтықтырған өнерді жансерігіндей көріп, балаң жастығынан серік еткенде осы аппаратқа ғұмыры байланатынын да ойлаған жоқ екен. Баянауыл сияқты табиғаты ғажап өңірде дүниеге келген Жақсылық Тұрлыбековтің кәсіби маман ретінде өмірі фотоөнермен өрілуі тағдыр жазуы шығар. Алматы қалалық әкімдігінде өткен шарада ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенконың «Мәдениет пен өнерге қосқан үлесі үшін» төсбелгісін салтанатпен тапсыруы үлкен мәртебе болды.