Спорт • 29 Қаңтар, 2023
Дзюдодан жылдың алғашқы бәсекесі қазақ спортының тарихына алтын әріппен жазылды. Португалияның Алмада қаласында дзюдодан өткен Гран-при сайысында алғаш рет екі қазақ қызы (48 кг) финалда күресті. Алтын үшін айқаста Әбиба Әбужақынова тағы бір жерлесіміз Ғалия Тынбаеваны ұтты.
Сайлау • 29 Қаңтар, 2023
Саяси науқанға – тиянақты әзірлік
«Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын әзірлеуде тұрғындар өтініші ескеріледі. Бұл туралы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен танысып, кейіннен БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді.
Пікір • 29 Қаңтар, 2023
Өткен жылғы референдумда қабылданған Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 19 наурызда өтетін саяси науқанның өзіндік ерекшелігі бар екенін айтқымыз келеді. Бұл доданың ерекше тұсы – Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын партиялық тізім және бір мандатты округ бойынша сайлау тетігі ұсынылып отыр.
Пікір • 29 Қаңтар, 2023
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент Мәжілісін таратып, 19 наурызда кезектен тыс Мәжіліс сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.
Сайлау • 29 Қаңтар, 2023
Парламент сайлауы – саяси реформалардың жалғасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауын өткізу туралы мәлімдегені белгілі. Саяси дода 19 наурызға белгіленді. Бұл Президент ұсынған реформалардың заңды жалғасы десек, қателеспейміз. Өйткені бұған дейін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сенат пен Мәжілістің қызметі қайта қарастырылды. Елдің дамуы үшін қажетті бірқатар өзекті конституциялық заң қабылданды. Президент сайлауы өтіп, қайта сайлану құқығынан айыру және мерзімін 7 жыл деп белгілеу секілді жаңашылдық енгізілді. Енді Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау реформалар бастамасын табысты жалғастыруға тиіс.