Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
Әміре Әрін: Елдіктің туын көтерген туынды
Адамзат керуені шежіресінің әдетте кемел көшбасшы, жарқын тұлғалар қолымен жасалынарын кәрі тарих дәйектейді. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты елдік туын көтерген кең тынысты туындысын оқып отырып осыған қайыра бір көз жеткізесіз.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
Еркін Көбеев: Тарихтың шындығы, өмірдің шындығы
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіздік күні қарсаңында жарыққа шыққан «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында егемен еліміздің тәуелсіздік алған жылдардан бергі даму тарихы толығымен қамтылған. Кітапта жас мемлекетіміз үшін аса маңызды еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріндегі барлық үдерістерінің тікелей қатысушысы, бастамашысы болған Тұңғыш Президентіміздің көзқарастары берілген. Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің сындарлы жылдардағы жүріп өткен даму жолын баяндай келе, мемлекеттің басшысы ретінде қысылтаяң тарихи сәтте аса үлкен жауапкершілікпен шешім қабылдағаны туралы мәлімдейді.
Парламент • 05 Қаңтар, 2018
Парламент депутаттары сайлаушылармен кездесті
Мәжіліс және Сенат депутаттары өңірлерде халықпен кездесуде.
Медицина • 05 Қаңтар, 2018
Заң үстемдігін орнатудың заманауи жолы айқын
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Цифрлы Қазақстан» мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте еліміздің экономикасын да, әлеуетін де дамыту мен арттыру үшін цифрлы технологияларды жаппай енгізудің маңыздылығын атап, оның тура жолын көрсетіп берді.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
Зейнетақы жүйесін зерделегенде...
Иә, самайға кірген ақ жоғары өрлеп, көмірдей қара шашты боз қырау басар кәріліктің ауылы жақындаған сайын іштей мазасыздық билей бастаса, соның бірі – зейнетақы мәселесі. Дана халқымыз да «Еңбек түбі – зейнет» деп бекер айтпаса керек. Бірақ осы зейнеттің игілігін көруге көз бен көңіл жетпей тұрған сыңайлы. Қазіргі қоғамның ойы осыған саяды.