Әдебиет • 05 Қаңтар, 2018
Жер бетіне тынымсыз тіршілік үшін келгендей бір сәт дамыл таппай, тыным көрмей арпалысты ғұмыр кешетін адам баласы ішкі сипатына да терең мән беріп, жан әлеміне шексіз бойлап-ақ келеді. Сонда да іздегенін таппағандай, ынтық көңілін баса алмай, Құдай берген сананың түпсіз тұңғиығында мелдектеп бағуда.
Әдебиет • 05 Қаңтар, 2018
Жазушының болмысын жазған шығармасынан ұғу қиын емес. Бұл тұрғыдан келгенде белгілі қаламгер Дидахмет Әшімханұлының кісілік келбеті, асып-таспайтын біртоға мінезі, сөйлеу мәнері, пенделікке салынып, қалыбын бұзбайтын өзіндік байлам пайымы, тоқтар тоқтамы, турашылдығы туындыларын оқып отырғанда кейіпкерлерімен қатарласып көз алдыңда тұра қалады. Алтайдай биік жердің түлегі әр туындысына терең мән беріп, ойлы көзбен қарады.
Әдебиет • 05 Қаңтар, 2018
Бірде әр жаңа буын өзінің әдеби сынын ала келуі керек деген едім, өйткені әр ұрпақ «өнерге өз өлшемдерімен қарайды, өз талаптарын айтып, жаңа мақсат қояды». Талғам мен сәннің өзгеретінін ғана айтқым келген жоқ. Тіпті одан да терең сыр жатыр.
Әдебиет • 05 Қаңтар, 2018
Әдебиет алып мұхит болса, сын оны танудың – әмбебап құралы. Ол сөз өнерінің табиғатын зерттеумен, ақиқатты танудың эстетикалық заңдылығын белгілеумен, классикалық мұрамызды талдаумен ғана айналысып қоймай, бүгінгі әдебиетіміздің бағыт-бағдарын айқындап, жетістігіміз бен кемшілігімізді көрсетіп, көркем шығарманың ерекшелігін, жілігін шағып түсіндіреді. Оқырманның дүниетанымын байытпайтын, адамға рухани ләззат сыйламайтын шығарма нағыз өнер туындысы бола алмайды.
Қазан революциясының жүз жылдығына орай «Халыққа ол сор болып жабысты ма, жоқ, әкелген жақсылығы бар ма?» деген төтесінен қойылған сұрақ – орыс ой айдынын шымырлатып, бір-бірін қуалаған сөз нөпірінің толқыны жағалаудың біраз аумағын көпіршіген көбікке айналдырып тастағандай. Көкейде жүрген тақырыптар қозғалса да, басқа халықтар тағдырына қатысы шамалы сарын астамшылығын аулай түскен сайын бір түрлі қиянат шеккендей қолайсыз күй кешетіні несі екен? Басқа шығару мен жапа шегудің неше атасын көрген ата-баба халін осындайда тура жақыннан сезіну адам болмысында көп қайталана бермейтін құбылыс.