Қазақстан • 30 Қаңтар, 2023
Көші-қонның жаңа тәртібі күшіне енді
Павлодарда пана іздеп келген шетелдіктердің саны артып отыр. Қазіргі уақытта өңірде осындай 54 шетел азаматы жүр. Олардың дені – Ресей, Германия, Украинадан келгендер.
Үміт • 30 Қаңтар, 2023
Дохада қазақ шығыстанушысы марапатталды
Әлемде өмір сүру салты бір-бірімен мүлде қабыспайтын қаншама ел бар. Оларды жақындастыратын қуатты күш – мәдениеттер тоғысы һәм өзара түсіністік. Күні кеше Қатар астанасы Дохада «Аударма және аккультурация мәселелері» атты халықаралық конференция өтіп, аударма саласының озық мамандары бір алаңда бас қосты.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2023
Семей қаласында 150 орындық мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығы ашылды. Оңалту орталығы балаларға да, ересектерге де қызмет көрсетеді.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2023
Екібастұз мұз құрсанбағанда, елдегі жылу электр орталықтарының шынайы жағдайы әлі күнге дейін жабулы қазан күйінде қалар ма еді, кім білсін? Десе де, елдегі жылу энергетикасындағы апаттар ақиқаттың бетін ашты. Қаннен-қаперсіз қол қусырып отырудың соңы ауыр салдарға апаратынын көрсетті. Бұл ретте қысы қытымыр Қарағанды жылу энергетикасының 50-70 пайызы тозып тұрғанын ойға алсаң, аза бойың қаза болатыны да шындық.
Білім • 30 Қаңтар, 2023
Халқымызда «Алыс жол табалдырықтан басталады» деген тәмсіл бар. Жер жәннаты Жетісудың Қапал деп аталатын ғажайып өлкесінде, дәрігерлер отбасында дүниеге келген Гүлнар Нұрмұхамедқызы бала кезінен арманшыл, талапты болып өсті. Айналасын асқар таулар қоршаған әсем өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілік оның география мамандығын таңдауына ықпалын тигізген. Осылайша, бала кезгі арманы Гүлнар Нұрмұхамедқызын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің табалдырығына алып келген.