Теннис • 30 Қаңтар, 2020
Ақпанның 7-8 күндері Бельгияның Кортрейк қаласында теннистен Федерация кубогының іріктеу турнирі өтеді. Бұл сында Қазақстан құрамасы жарыс қожайындарымен күш сынасып, финалдық кезеңге жолдама алуға тырысады.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020
Бейбіт күндегі қазаға кім кінәлі?
Бүгінгі күні адам өлімі мен қазасының ең жоғары көрсеткіші жанды қинаған ауыр дерттер мен аурулардан емес, жол-көлік оқиғасы салдарынан тіркеліп отырғаны өкіндірмей қоймайды. Бұған кім кінәлі? Рас, табиғатта тосын мінез болып тұрады. Оның қары мен бораны, мұздағы мен көктайғағы бір-бірімен алмасып келіп жататыны да табиғи жайт. Мұндай кездерде автокөлікпен жолға шығу аса қауіпті екеніне ешкім талас туғыза алмайды.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020
С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастамасымен «Библиокеруен» атты тың жобаны қолға алды. Жаңа жоба аясында кітапханашылар өңірдегі кейбір мекемелер мен ұйымдарға барып көшпелі көрме өткізеді.
Руханият • 30 Қаңтар, 2020
Бағзы бабаларымыз балаларына ат қоюда салт пен дәстүрге барынша жүгінген. Мұны Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен де табамыз. Ол ырым, әдеп-ғұрыптар туралы айта келіп: «Болашақта бір жақсылық болуын тілеп айтылатын әдеп-ғұрыптар да ырым деп айтылады. Мәселен, біреудің ұлы жоқ болып, әйелі қыз туа берсе, ол соңғы бір қызының атын Ұлтуған, Майкөт қояды, ондағы ойы келесі балам ұл болсын дегендік» деп жазады.
Руханият • 30 Қаңтар, 2020
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі» деп атап өтті. Жылқы мәдениеті, атты мініске үйретудің өзі дара ілім. Елбасы айтқандай, қазақтың жылқытану өнері әлмисақтан қанына сіңген төл мұрасы. Яғни генетикалық жадысының туындысы.