Білім • 31 Қаңтар, 2024
Талапкер апелляцияға бірден бере алады
Ұлттық бірыңғай тестілеуде талапкер өзінің нәтижесімен келіспеген жағдайда бірден апелляцияға бере алады. Өйткені тестілеу бұрынғы қағаз нұсқадан электронды форматқа ауыстырылғаннан бері емтихан нәтижесін бірден көру мүмкіндігі пайда болды.
Айбын • 31 Қаңтар, 2024
Бүгінде әлемдегі геосаяси жағдай мен өңірлік деңгейдегі қауіп-қатерлерді есепке алған кез келген мемлекет қорғанысын күшейтіп, армиясының әлеуетіне айрықша назар аудара бастады. Кейінгі жылдары көрші елдер арасындағы күн санап күрделене түскен шиеленіс әскеріміздің де кем-кетігін түзеп, жыртығын жамауға жұмыс істеу қажеттігін ұқтырды.
Байқау • 31 Қаңтар, 2024
Орталық Азия чемпионатына барады
Алматы қаласындағы «Tamos» мектебінде роботтехникадан өткен «FIRST Championship» өңірлік іріктеу чемпионатында Абай облысының «Аlash» құрамасы топ жарып, жүлделі 2-орынға ие болды.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024
Мұнайлы шаһарда танымал тұлғалардың есімі берілген білім ордасы аз емес. Соның бірі Қ.Қайсенов атындағы №33 орта мектеп Жылыой ауданындағы Сарықамыс елді мекенінің тұрғындары облыс орталығына көшірілгенде салынған.
Оқиға • 31 Қаңтар, 2024
Өткен түн ботақаралықтар үшін жайсыз болды. 30 қаңтар күні сағат 00:07-де екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатындағы 10-пәтерде газ баллоны жарылды. Жарылыс салдарынан бір ғана пәтердің емес, тұтас үйдің ортасы опырылып түсті. Өкінішке қарай, оқыс оқиға кезінде екі адам көз жұмды.