Волонтер • 31 Қаңтар, 2024
Елімізде кәсіби еріктілердің мобильді тобы құрылады. Бастаманы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі бірге қолға алған. Қазір қос сала өкілдері оқыс оқиғалардың алдын алып, салдарын жоюда ескерілетін арнайы алгоритмді әзірлеп жатыр.
Пайдалы қазбалар • 31 Қаңтар, 2024
Алтынды өңірдің халқы не дейді?
Өткен аптада Күршім ауданының Маралды ауылында алтын өндіру фабрикасы құрылысының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Тыңдауға 100-ден аса тұрғын қатысып, 19 адам ресми түрде тіркелді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы билік өкілдері де болды. Айта кетерлігі, тыңдауға қатысқан халықтың ұсыныстары ескеріледі.
Сараптама • 31 Қаңтар, 2024
Кейінгі жылдары цифрлық медиаға қатысты зерттеулердің өзектілігі артып келеді. Себебі цифрлық технология медиаиндустрияға көп өзгеріс әкеліп, барлық салада бірінші орынға шықты. Бұл мәселеге қатысты медиа мамандар мен зерттеушілердің ой-пікірлері сан алуан. Жаңа медианың бүгінгі сипатына қатысты деректер мен болжамдарды «Reuters» журналистика институты «Журналистика, медиа және технология трендтері мен 2024 жылға арналған болжамдар» атты зерттеу есебінде де жариялады.
Энергетика • 31 Қаңтар, 2024
Желі жаңарту – жеңіл жұмыс емес
Былтырғы қаңтардың алғашқы күні жауындатып, қоян жылы қарбаласпен басталып еді. Облыс орталығының кейбір ауданы мен бірқатар ауылдық елді мекенде жарық өшіп, жылу, ауыз сумен қамту қызметтері де кідіріске ұшыраған. Жалпы, кейінгі жылдары сәл жел тұрса, жарықтың жалп ете қалуы жиілеп кетті. Жазғы аптаптың кезінде де кенет сөніп, елді әбігерге түсіріп қоятыны тағы бар. Электр энергиясын таратушы компания өкілдері де мұны жоққа шығармайды.
Ғылым • 31 Қаңтар, 2024
Жер сілкінісі: Оқиға ошағын дәл болжаған
Ғылымның нәтижелері мен жаңалықтары болашақтағы қауіп-қатер мен құлдырауды, тіпті төтенше жағдайды алдын ала болжауға да қызмет етуге тиіс. Осы ретте біз сала жетістігін қаншалықты пайдаланып отырмыз? Бұл сұрақ кешегі Алматыда болған жер сілкінісінің ошағын былтыр болжаған ғалымдардың еңбегін оқығаннан кейін туып отыр.