Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019
Шетелге кетудің негізгі себептері неде?
Қазіргі таңда шетел асып, білім алу, жұмыс істеу оңайға айналды. Сондықтан шығар, кейінгі жылдары сыртқы көші-қон толастамай тұр. Әсіресе жайлы өмір іздеген жастар жат жұрттан «жұмақ» іздеп, мұхит асып жатады. Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, жыл сайын 14-28 жас аралығындағы 8 мыңға жуық жас шетел асады екен. Сарапшылардың айтуынша, мұның бірнеше себебі бар. Тұрақты жұмыстың болмауы, болған күннің өзінде жалақысының мардымсыздығы, ең өзектісі – баспана мәселесі жастардың «жайлы өмір» іздеп шетел асуына өз «септігін» тигізіп отырған.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғам мүшелерінің екі мәселеге назар аударуын атап өткен еді. Оның біріншісі, ұлттық кодты сақтау, екіншісі, қоғамның кертартпа құбылыстарынан арылу. Ұлттық кодты сақтау дегенде, ең бірінші, біздің қазақ екенімізді анықтайтын, жан дүниеміздің айнасы – ана тілімізді сақтау керек. «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқан. Ұлан-байтақ жері бар қазақ елі мәңгілік жасасын десек тілімізді, ұлттық болмысымызды, салт-дәстүрімізді сақтауымыз керек.
Алматы облысында «Салбурын – 2019» құсбегілер сайысы өтті
Алматы облысы Ақсу ауданының Қызылағаш ауылында республикалық «Қыран» федерациясы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Салбурын – 2019» құсбегілер сайысы өтті.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлтымызды сақтау мен өркендету үшін, біздің ойымызша, екі үлкен дәуірлік мәселе көтерген десек, біріншісі – төл дәстүріміздің өміршең тұстарын заманауи сұраныстармен сабақтастыру, екіншісі – бүкіл адамзат баласына ортақ жаһандану үдерісінің өзіміз үшін тиімді тұстарын игеру.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019
Елбасы әкімдермен кеңес өткізді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.