Аймақтар • 12 Қаңтар, 2018
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясында Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын бірлесе жүзеге асыруға шақырды. Жолдаудағы он бағытқа жеке-жеке тоқталған облыс әкімі Мемлекет басшысының бұл саяси құжаты төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындап бергенін айтты.
Бизнес • 12 Қаңтар, 2018
Елбасы Жолдауында ауқымды мәселелерді, ел дамуына керекті маңызды бағыттардың атап көрсетті. Онда индустрияландырудың жаңа технология енгізудің көшбасшысына айналуы керек екені айтылған.
Қазақстан • 12 Қаңтар, 2018
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы болашақты бағдарлаған, технократиялық негізгі құжатымыз.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2018
Бірлестіктер бірегейлікке шақырады
Тараз қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен «Біз – Қазақстан халқымыз» атты облыстық фестивалі өтіп, онда облыстық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мен Тараз қаласының көркемөнерпаздары өнер көрсетті.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2018
Проактивті әдіспен куәлік алған атыраулықтар
Енді www.egov.kz сайтына тіркелген ата-аналарға дүниеге сәби келуімен құттықтаған SMS-хабарлама келеді. Бөбегіңіз перзентханадан шықпай тұрып автоматты түрде тіркеліп, тіпті куәлігі де дайын болады. Жыл басынан бері еліміз бойынша алты мыңға жуық ана осындай смс-құттықтау алған. Ал алғашқылардың бірі болып проактивті әдіспен куәлік иеленгендер арасында атыраулық Бағыт Әли Тілекқабылұлы мен Мақсым Омар Нұрбекұлы да бар.