Қоғам • 25 Қаңтар, 2021
Тik Tok-пен тақ-тұқ күрес пайда бермейді
Соңғы кезде сайттар мен түрлі газет беттерінде Тіk Тоk әлеуметтік желісі туралы жарияланым көбейді. Барлығының айтары Тіk Тоk-ты қадағалау керек, ол жердегі контент ұят, жастарды бұзуда» дегеннен әрі аспайды. Бірақ онымен күрес желіні жабумен немесе қатаң қадағалаумен шешілмейді. Өйткені ол мүмкін емес.
Бизнес • 25 Қаңтар, 2021
Кәсіпкерге кедергі де, көмек те бар
Мемлекет кәсіпкерлер құқығын қорғау бағытында түрлі шара қолданып, заң талабын мейлінше жеңілдетуге ұмтылып отыр. Есесіне, іскер азаматтардың қолындағы өндіріс өркендеп, жұмыс орны көбейіп, шағын және орта бизнес тарапынан экономикаға қосылған үлес те артып келеді.
Технология • 25 Қаңтар, 2021
Технология қарқынды дамып жатқан ғасырда армияның бәсекеге қабілеттілігі көбінесе цифрландыру деңгейіне байланысты. Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқовтың ойынша, бұл қадам цифрлы трансформациядан басталуы тиіс. Сол себепті ең алдымен Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерде ақпараттық-технологиялық архитектураны әзірлеу қажет.
Коронавирус • 25 Қаңтар, 2021
Елімізде эпидемиялық ахуал күрделеніп барады. Күн сайын бейдауа дертке шалдыққандардың қатары көбейіп жатыр. Қаңтардың 24-і күнгі дерек бойынша бір тәулікте ПТР арқылы 1584 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олардың басым бөлігі – қаупі жоғары «қызыл аймақта» тұрған өңірлерден. Қазір 7 өңір «қызарып» тұр, 3 өңір – «сары аймақта», қалғаны – «жасыл аймақ».
Қоғам • 25 Қаңтар, 2021
Әскери ғалымдардың әлеуеті зор («Шағала» ұшқышсыз ұшу аппараты – соның айғағы)
Атақты қолбасшы Ю.Цезарьдің «Бейбітшілікті қаласаң – соғысқа дайындал» деген қанатты сөзі бар. Қанды айқастың бетін аулақ қылсын, алайда сәт сайын түрленіп жатқан әлемде бәріне де дайын болған абзал. Себебі ғылым мен техника бейбіт өмірде ғана емес, әсіресе әскери салада қарыштап дамып жатқанын қаперден шығаруға болмайды. Осы мәселені отандық ғалымдарымыз да ой сүзгісінен өткізіп, еліміздің қорғаныс саласына қомақты үлес қосуға күш салу үстінде.