Теннис • 31 Қаңтар, 2025
Ұлыбританияның бас шаһары – Лондонда теннистен Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу турнирінің жеребесі тартылды. Жыл сайын әйелдер арасында өтіп тұратын дәстүрлі жарыста еліміздің құрамасы биылғы маусымда D тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз – Аустралия мен Колумбия.
Таным • 31 Қаңтар, 2025
Ғалам ғажаптары: Ұшақта туған нәресте
«Uzbekistan Airways» әуе компаниясының Ташкент – Нью-Йорк рейсінің бортында ұл бала дүниеге келді.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2025
Директор мен оқушылар асық ойнап жүр
Түркістан өңірі мектептерінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қазақы тәрбиеге негізделген ойындар насихатталып келеді. Мысалы, Сарыағаш ауданындағы №71 жалпы білім беретін мектеп ұстаздары оқушылардың сабақ аралық үзіліс уақытын пайдалы әрі қызықты өткізу мақсатында игі бастаманы қолға алды.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2025
Қонысымыз қаланың қақ ортасында. Жағалай иін тірескен көпқабатты биік үйлер. Дәл ортада арнайы алаңда бірнеше қоқыс жәшігі бар. Бұрын аткөпір болып жатушы еді. Обалы нешік соңғы жылдары уақытында жиналады. Адам көп болған соң тез толып та қалады. Айтпағымыз бұл емес, ысырап жайы. Қоқыс жәшіктерінің маңында ас атасы – нан да, өзге азық-түліктің қалдығы да бейберекет шашылып жатады.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2025
Каспий теңізіндегі еліміздің шекарасын күзетіп, теңіздің қазақстандық секторының тыныштығы мен байлығын қорып жүрген әскери су көліктерінің бірі – «Сарыарқа» кемесі. Еліміздің Әскери-теңіз күштеріне 2015 жылы пайдалануға берілген кеменің он жылдығын экипаж мүшелері салтанатты жағдайда атап өтті.