Бағдарламалар • 29 Қаңтар, 2018
Көлік полицейлері Жолдауды жүзеге асыру міндеттерін талқылады
Қазақстан Республикасы ІІМ Көліктегі ІІД-де кеңейтілген мәжіліс өтті. Оған ведомства басшысы Аманжол Қабылов төрағалық жасады. Жиында департаменттің 2017 жылғы жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы талқыланып, көлік полицейлерінің Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарда жариялаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыру бағытындағы міндеттері нақтыланды. Басқосуға департаменттің басшылық құрамы мен желілік бөлімдердің басшылары қатысты.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2018
Қостанайда цифрландыруға жетекшілік жасайтын басқарма құрылды
Мұны Қостанайда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі кеңейтілген мәжілісте облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді. Жаңа басқарма алдағы 3-4 айдың ішінде жұмысын бастайтды.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2018
Өскеменде 8 мұз айдыны жұмыс істеп тұр
Өскемендегі «Алтай» стадионында футболшылар ала жаздай доп теуіп, ойын көрігін қыздырса, қыс бойы қала жұртшылығы осында келіп коньки тебеді. Жақында осы мұзайдында шаһардағы студенттер мен мектеп оқушылары арасында «Көңілді старт» ойыны ұйымдастырылды.
Өнер • 29 Қаңтар, 2018
Алматыға арман арқалап келген ауыл баласы биік мақсаттарды мұрат тұтты. Тіршіліктің мың сан бояуларын ішкі дауысымен үндестіріп бұл өнерден өзіне ғана тән әдемі иірім табуға талпынды. Әр туындысынан тарихымыздың, ұлттық болмысымыздың исі бұрқырайды. Оның кенебіндегі кейіпкерлер мәңгілік қозғалыста.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2018
Ақтау қаласындағы химия-биолгия бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары биыл үшінші жыл қатарынан International Waterbird Census (IWC) аталатын 52-ші халықаралық қысқы суда жүзетін және су маңындағы құстар санағына шықты. Олар Қазақстандағы ерекше орнитология аумағы болып есептелетін Қаракөл көліндегі құстарды санады.