Көрме • 31 Қаңтар, 2025
Түбі бір түркі дүниесіне ортақ мәдени құндылықтар қаншама ғасырдан бері жасап келеді. Кейінгі жылдары түркі елдері арасындағы негізгі көпір де мәдени байланысқа құрылып жатқанын көріп отырмыз. Әсіресе Қазақстан мен Түркия арасындағы рухани беріктік бүгінде бекемделе түскен. Мұндай әдеби-мәдени байланысты дамыту жолында ел астанасындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының атқарып жатқан жұмысы өз үлесін қосып отыр.
Өшпес даңқ • 31 Қаңтар, 2025
Майданда шейіт кеткен шайырлар
Қазақ – ақынжанды ұлт. Алаш баласында көңілі толқығанда өлең жазбайтын, ішкі сырын жырмен өрнектемейтін адам аз. Біз – шаттана қуанғанда, қамкөңіл қайғырғанда қолға қасиетті қаламды алып, ішкі толқынысты күйімізді ақ қағазға төгетін халықпыз. Екінші дүниежүзілік соғыста да қаруы мен қаламын қатар жастанған боздақтарымыз аз болған жоқ. Тіпті олардың арасында «Кеңес Одағының батыры» атағын алғандары да бар. Өкініштісі сол, майдан даласында шейіт кеткен ақындарды бүгінгі ұрпақ жете танымайды.
Тұлға • 31 Қаңтар, 2025
Тарихқа көз жүгіртсек, әр кезеңнің ауыр да жауапты жүгін арқалаған тұлғалар болған. Кеңес заманында туып, сол заманның сын-қатеріне ісімен жауап бере алған азаматтың бірегейі – мемлекет және қоғам қайраткері, академик, елші Төлеген Тәжібаев (1910–1964).
Сұхбат • 31 Қаңтар, 2025
Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Жүрегімнің үні – сыршылдық пен шыншылдық
– Ақұштап апай, туған өлке Оралдан жастық шақтан бауыр басқан, ақын болып танылған Алматыға көшіп келіпсіз. Құтты болсын! Ұлттың рухани дүниесі, Қадыр ағаның ғұмыр бойы үкілеп ұстаған, классик ақын сүйіп оқыған керемет кітапханасы «Қадыр орталығына» айналды. Сіздің де жиып-терген кітапханаңыз осал бола қоймас. Оны не істедіңіз? Көшіріп әкелдіңіз бе, әлде елде қалдырдыңыз ба?
Алматы • 31 Қаңтар, 2025
Саладан түсетін салық арта түсті
Өткен жыл Алматы туризмі үшін жаман болған жоқ, айтарлықтай өсім бар. Бұрнағы жылға қарағанда мегаполиске қыдырып келетіндер саны да 14,2%-ға көбейді. 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында 1,7 миллионнан астам адамның Алматыға жолы түсіпті. Бұл көрсеткіш қала экономикасына да игі әсер етіп отыр. Нәтижесінде туризм саласынан түскен салық 11 айда 85,5 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен екі есеге артты.