Саясат • 31 Қаңтар, 2025
Бірлескен күш-жігер дамуға бастайды
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. Жиында ЕАЭО шеңберіндегі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Өндіріс • 31 Қаңтар, 2025
Қазақ кілемі – әлемдік нарықта
Қаңтардың 7-10 күндері аралығында «Бал Текстиль» ЖШС алғаш рет еліміздің атынан Түркияда өткен «CFE 2025 Carpet and Flooring Expo» халықаралық көрмесіне қатысып қайтты. Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорын кілем өнімдерін шығарумен айналысады. Халықаралық көрмеде компания тауарларды «Bal Carpet» брендімен таныстырды. Серіктестік басшысы Талғат Ысқақовтың айтуынша, фабрикада 500-ден аса адам тұрақты еңбек етеді.
Саясат • 31 Қаңтар, 2025
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин екіжақты келіссөз жүргізді. Онда екі ел президенттері арасында екіжақты сауда көлемін арттыру бойынша қол жеткізілген уағдаластықты іске асыру мәселесі талқыланды.
Сенат • 31 Қаңтар, 2025
Сенат жұмысының басымдықтары айқындалды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кедендік баждарды әкімшілендіру кезіндегі кедергілерді жоюға бағытталған заң нормалары мен пошта операторларының жұмысын жеңілдетуді көздейтін заңды қарап, мақұлдады. Отырыста өзге де мәселеге қатысты депутаттық сауал жолданды.
Пікір • 31 Қаңтар, 2025
Отандық өнімді қолдау жалғасады
Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің экономикалық дамуына, инфрақұрылымдық жобаларға, әлеуметтік саясат пен туризмге қатысты өзекті жайттар талқыланды. Негізгі мәселе халықтың экономикалық әлеуетін көтеру туралы болды. Ол үшін аймақ пен қала әкімдері өңірлерге белсенді инвестиция тарту керектігін Президент ерекше атап өтті.