Қоғам • 30 Қаңтар, 2023
Ел болашағына арналған бағдарлама
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы қолға алынып, келесі жылдан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың жеке шотына аударылады. Балалардың болашағына капитал жинау қоғамда үлкен серпіліс туғызып, отбасылардың ертеңге деген үмітін жақты деуге негіз бар. Алайда бірқатар сарапшы қазіргі геосаяси және әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Ұлттық қордың инвестициялық тартымдылығына күмәнмен қарап отыр.
Экономика • 30 Қаңтар, 2023
Зейнетақы қоры ірі жобаларды инвестициялайды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) 500 млрд теңге көлеміндегі зейнетақы активі «Бәйтерек» холдингінің облигацияларына нарық талаптарымен инвестицияланбақ. «Бәйтерек» алғалы отырған БЖЗҚ қаражаты машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, инфрақұрылым және басқа да салалардағы ірі жобаларға несие ретінде бағытталмақ. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
Экономика • 30 Қаңтар, 2023
1 700 жолаушының өтелген шығыны
Елімізде пойыздардың кешігуі жолаушылар арасында дүрбелең тудырып, көпшілікті толғандырған басты мәселелер қатарына шықты. Жаңа жыл алдындағы 3-4 сағатқа кешігу қазір айналайын болып қалған. 2023 жыл бастала салысымен бірқатар бағыт бойынша пойыздар Астанаға 10-12 сағатқа кешігіп келіп жатты. Жекелеген адамдардың куәлігі мен әлеуметтік желідегі жазбалардан аңғарғанымыз – өзге өңірлердегі ахуал да оңып тұрған жоқ.
Пікір • 30 Қаңтар, 2023
Ауылды намысшыл ағайын көтереді
Ауыл шаруашылығын дамыту ісінде әлі күнге дейін ашып айтпай келе жатқан бір үлкен кемшілігіміз – қазақ халқының ұлттық болмысы мен оның жерінің ерекшеліктеріне дұрыс назар аудармайтынымыз. Мұны мен ұзақ жылдар бойы журналист ретінде Үкімет отырыстарына тұрақты түрде қатысып, мақала дайындаған кезімде байқадым.
Ауыл • 30 Қаңтар, 2023
Қарағанды аймағында ішімдік сатпайтын әрі татпайтын ауыл Тікенекті деген ауыл бар. Нұра ауданына қарасты бұл Тікенектінің екі жылда бірде-бір қылмыс жасамаған үлгілі ауыл екенін жазғанбыз. Мұның өзі елең еткізетіндей жаңалық еді. Енді трактордың құлағында ойнаған 84 жастағы ақсақалы ауылды қардан аршып, жұрт аузында жүр. Бұл – ғұмыры егін алқабында өткен, нәпақасын маңдай терімен тапқан қария.