Видео • 20 Қазан, 2019
Бүгін Ақмола қаласын ел астанасы ретінде жариялау туралы жарлық шыққан күн (видео)
1997 жылы 20 қазанда еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. (1998 жылдың 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. 2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын Елбасы Н. Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге ұсыныс жасады. Ал бүгін Ақмола қаласын ел астанасы деп жариялау туралы шыққан жарлыққа 22 жыл толып отыр.
Қоғам • 11 Қазан, 2019
Елбасы «Егеменде» шыққан мақаланы тілге тиек етті (видео)
Нұрсұлтан Назарбаев отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында ауыл туралы толғанып, «Egemen Qazaqstan» газетінде 10 қазан күні жарық көрген «Жусан туралы жыр» мақаласын мысалға келтірді.
Видео • 11 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысты (видео)
Қасым-жомарт Тоқаев біраз бұрын Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездескен болатын. Ал қазір Президент ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысуда.
Видео • 03 Қазан, 2019
Америкалық инженер Илон Маск Starship ғарыш кемесін таныстырды (видео)
«Starship» прототипінің биіктігі – 50 метр, диаметрі – 9 метр. Ғарыш кемесі алдағы 1-2 айда сынақтан өтеді.
Видео • 27 Қыркүйек, 2019
Б.Майлиннің ұрпақтары Қостанайда бас қосты (видео)
Көрнекті жазушысы, әңгіме жанрының шебері Бейімбет Майлиннің 125 жылдығы оның туған жерінде кең көлемде атап өтілді. Жиналған көпшіліктің ішінде жазушының ұрпақтары да болды.