Спорт • 05 Мамыр, 2026
Сурдлимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушылары 5,5 млрд теңге сыйақы алды
Қазақстанда халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғаған спортшылар мен олардың бапкерлерін қолдау жүйелі түрде жалғасып келеді. Осы бағыттағы кезекті қадам Сурдлимпиада жүлдегерлеріне қомақты сыйақы төлеу болды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 05 Мамыр, 2026
ІІМ: Қызметтік иттер көмегімен 50-ден астам кісі өлімі ісі ашылды
Қазақстанда өткен жылы қызметтік иттердің көмегімен 50-ден астам кісі өлтіру қылмысы ашылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі кинологиялық орталығы басшысының орынбасары Максим Чебан мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Батыс Қазақстанда ағайынды екі жігіт заңсыз есірткі өсірген
Батыс Қазақстан облысында полицейлер құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге арналған жасырын фитозертхананың қызметін анықтады. Күдікке ілінген екі жігіт ағайынды болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Өскемендегі жарылыс: Зауытта үйінділерді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Бүгін Өскемен қаласында орналасқан «Қазцинк» зауытында шаң сүзу цехындағы арнайы құрылғыда газ-ауа қоспасында жарылыс болған. Құтқарушылар келгенде қызыл жалын байқалған, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 05 Мамыр, 2026
Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.