Білім • 27 Қаңтар, 2026
Алматыда химия пәнінің мұғалімі әлемдегі ең үздік ұстаздардың қатарына кірді
Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусова Global Teacher Prize 2025-2026 халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі үздік 50 педагогтың қатарына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 27 Қаңтар, 2026
«Мың бір түннен» шабыт алған Андерсен
Даниялық жазушы Ханс Кристиан Андерсен қиялдан туған ертегілері арқылы бүкіл әлемдегі балалар мен ересектердің назарын өзіне аударды. «Патшаның жаңа киімі», «Бұршақ үстіндегі ханшайым» сияқты шығармалары оның атын аспандатты. Балалық шағы кедейшілікте өткен оның өмір жолы «Ұсқынсыз үйрек» сияқты тамаша туындыларды жазуға тікелей әсер етті. Оның тынымсыз еңбегі мен асқақ қиялы көпке дейін шетқақпайланған, бірақ ақырында сұлу аққуға айналған кейіпкер туралы хикая жазуға шабыттандырды.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026
Ботақарада кезекте тұрған азаматтарға арналған жаңа тұрғын үй берілді
Бұқар жырау ауданына қарасты Ботақара кентінде кезекте тұрған азаматтарға арналған жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Эксклюзивті жоба аясында салынған екі қабатты кірпіш үй әлеуметтік осал санаттағы 12 отбасыға ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 27 Қаңтар, 2026
Елордалық оқушылар үш күнде ерекше робот құрастырып шығарды
Былтыр жаңа оқу жылында ашылған Астана қаласындағы №119 жайлы мектептің оқушылары түрлі бәйгелерден олжалы оралып жүр. Талантты шәкірттердің бірі Аманжол Рауан мен Солнцев Давид «Roboland» олимпиадасының қалалық кезеңіне «Робогеометрия» санатында сайысқа қатысып, III орын иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 27 Қаңтар, 2026
Ақ Олимпиада: Қазақстан құрамасының табысы мен тоқырауы
Ақпанның 6-сы күні Италияның қос қаласы – Милан және Кортина-д'Ампеццода төртжылдықтың басты бәсекесі қысқы Олимпиада ойындары басталады. Дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын ақ ойындарда ел намысын 10 спорт түрі бойынша 36 спортшы қорғайды. Қазақстан тұңғыш рет 1924 жылы Францияның Шамони қаласында өткен қысқы Олимпиададан кейін араға 70 жыл салып, 1994 жылы жылы бәсекеге алғаш рет тәуелсіз ел ретінде қатысты, деп жазады Egemen.kz.