Әскер • 23 Сәуір, 2026
Әскердегі жаңа талап: Енді сарбаз қызмет барысында кемінде 5 кітап оқуға міндетті
Қазақстан Қарулы Күштерінде жаңа талап енгізілді. Енді мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген әрбір сарбаз кемінде бес кітап оқуға тиіс. Бұл бастама жеке құрамның жан-жақты дамуына ықпал етіп, 23 сәуір – Ұлттық кітап күні қарсаңында оқу мәдениетін қалыптастыруды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Сәуір, 2026
Қазақстаннан Дубайға рейстер 31 мамырға дейін тоқтатылды
Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Сәуір, 2026
«Қайсар» стадионы УЕФА тарапынан жоғары бағаланды
Қызылорда қаласындағы «Қайсар» стадионы ашылғанына жарты жыл өткен соң УЕФА инспекторы тарапынан тексеруден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Сәуір, 2026
Президент ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің жұмысына белсене қатысқаны үшін Феридун Синирлиоғлыға ризашылығын білдіріп, бұл платформа Орталық Азия мен көрші аймақтарға ортақ экологиялық мәселелерді шешу жолын бірлесіп іздеуді көздейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Сәуір, 2026
Қызылордалық оқушы Менделеев олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
Мәскеуде өткен химиядан Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушы жоғары нәтиже көрсетті. Қызылорда облысындағы «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған №9 лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Арен Теңізбаев алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.