Аймақтар • 13 Маусым, 2021
«Бұйратау» – туристерге бұйырған сый
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды еліміздің сұлу табиғатын сақтап қалу ісіне барынша атсалысуға, сонымен бірге туризм мен демалыстың сан түрлі бағытын дамытуға көңіл бөлуге шақырып келеді. «Еліміздің таңғажайып жерлерінің әрқайсысын дамыту үлкен ыждаһаттылықты, тиісті қаржы қорын қажет етеді. Сонымен бірге туризмге жұмсалған әрбір теңге он есе табыс әкелетінін де ұмытпаған жөн. Сондықтан біз қажетті инвестицияны салып, еліміздегі барлық туристік жерлерде қолайлы жағдай тудыруымыз керек», деген болатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан • 13 Маусым, 2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында тәуелсіздігіміздің мерейтойы біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек екенін жеткізді. Тәуелсіздікке ұмтылыс жан алып, жан беретін күреспен қатар рухани өміріне зор ықпал еткен ағартушылардың отарлау саясатына қарсы идеялық күресімен ерекшеленеді. Солардың ең ірі өкілдерінің бірі – Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Оның педагогика саласындағы мол мұрасын талдау әлі де бір ерекше дүние.
Қазақстан • 13 Маусым, 2021
Әр адамның жүрек картасында өмiр-бақи ұмытпайтын, әрдайым аялап, қастерлеп жүретiн ыстық нүктелерi болады. Жетiсудың қиян терiскейiндегi Қаратал бойында, көгiлдiр Балқаштың жағасындағы балықшы ауылдары – Фрунзе, Көпбiрлiк мен үшiн, мiне, сондай қасиеттi елдi мекендердiң қатарында.
Қазақстан • 13 Маусым, 2021
Ғалымдарға арналған тағылымдама талаптары
Енді елімізде жыл сайын 500 ғалым дүние жүзіндегі еңмықты ғылыми ұйымдарда тәжірибе жинайды. Мұндай мүмкіндік отандық зерттеушілеріміз үшінғылымның шекарасын кеңейтуге мүмкіндік беретініанық. Осы ретте үміткерлерді тағылымдаматалаптарымен хабардар етуді жөн көріп отырмыз.
Спорт • 13 Маусым, 2021
Доп додасы тосын оқиғалармен басталды
Жұмадан сенбіге қараған түні Италия астанасы – Римде футболдан 16-шы Еуропа чемпионатының шымылдығы түрілді. Кәрі құрлық біріншілігі «ә» дегеннен күтпеген оқиғалармен басталды. Чемпионаттың алғашқы голын Түркия құрамасының футболшысы өз қақпасына соғып алса, Дания-Финляндия арасындағы матчтың бірінші таймында дат футболшысы Кристиан Эриксен есінен танып, стадионға жиналған және ойынды теледидар арқылы тамашалаған миллиондаған жанкүйерді уайымға салып қойды.