Спорт • 17 Маусым, 2021
Майрбек Юсупов: Токиоға тек мықтылар барады
Шілде айының екінші жартысында Токиода алауы тұтанатын XXXII жазғы Олимпия ойындарының еркін күрес шеберлері сайысында Қазақстанның бес балуаны өнер көрсететіні белгілі. Олар – Нұрислам Санаев, Дәулет Ниязбеков, Данияр Қайсанов, Әлішер Ерғали және Юсуп Батырмұрзаев. Күні кеше ғана жерлестеріміз өздерінің кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Дағыстанның Хасавюрт қаласына аттанып кетті. Осы сапар алдында еліміздің ұлттық құрама командасының кеңесші-бапкері Майрбек Юсуповпен сұхбаттасудың сәті түсті.
Тарих • 17 Маусым, 2021
Түркологияға түрен салған тарланбоз – Ғұбайдолла Айдаровтың туғанына 100 жыл
Түркітану ғылымы табиғи арнаға түсіп, шынайы қанат жайып дамуы үшін қилы заман, қиын кезеңді бастан кешкені – кешегі күннің шындығы. Дауылға қарсы тұрған арыстар атылып-айдалып, әсіресе Баку конгресіне қатысқан күллі түркологтер жаппай қуғын-сүргінге ұшырағаннан кейін бұл саланың беломыртқасы үзіліп қалғандай болғаны ақиқат. Бүгіндері белгілі ғалымдар В.М.Алпатов, Ф.Д.Ашнин, Д.М.Насиловтар «Репрессированная тюркология» деген арнайы еңбек жазып, түркологиямен шұғылданудың кеңестік дәуірде қандай қатерлі де қауіпті болғанын ашынып айтуы көп шындықты аңғартады.
Әдебиет • 17 Маусым, 2021
Қимас көздердің қарашығында...
Біздіңше ең мықты ақын – қалпағын қайда және қалай ілетінін білетін ақын. Қалғаны келесі бір әңгіменің басы ғана. Дәл қазір поэзияға пайдам тисін деп жазудың қажеті жоқ. Жүректегі жүзі жылы ойлар келесі бір жүрекке жұп болғаннан артық сәт бар ма өзі?! Әдеттегі өлеңді өмірдің өзімен тұтастырып, жүректі шымшылатып кез келген адам жаза алады. Әдеттегі өлең – жақсы өлең болуы да мүмкін, бірақ сұлудың бәрі сұлу ма? Оны да ойланыңыз. Сондықтан да шығар оның өлеңі өмірді, өмірі өлеңді еске салады. Бізді де елітетіні сол.
Қазақстан • 17 Маусым, 2021
Кәсіптің көзін тапқандар көбейіп келеді
Бизнес ашқысы келетіндерге көмек көрсетіп, кәсіпкерлікке баулитын «Бастау Бизнес» жобасына биыл бес жыл толып отыр. Жобаның басты мақсат-міндеті қаншалықты орындалды, бүгінге дейін неше адамды кәсіпкер етіп шығарды? Бұл жөнінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов газетімізге берген сұхбатында айтып берді.
Өнер • 17 Маусым, 2021
Гүлсара Әжібекова: Киноның сәттілігі адамға емес, тағдырға басымдық бергенімен өлшенеді...
Өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарындағы бұл елдің кино феноменіне қырғыз кереметі деген баға берілді. Сол қырғыз кереметінің басы-қасында жүрген актерлерінің қатарында Қырғызстан, Қазақстан республикаларының халық әртісі Гүлсара Әжібекованың да аты аталады.