Оқи отырыңыз
Жазушы Оралхан Бөкейдің драматург ретіндегі төл мұрасын сахнаға шығарып, көрерменімен қауыштыруда Қазақстанның еңбек сіңірген белгілі, режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың сіңірген еңбегі ерен. Ең алғаш 1982 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында корей режиссері Мең Дон Уктың режиссерлігімен қойылған «Қар қызы» лирикалық драмасында бас кейіпкердің бірі – Бақытжанды театр тарихында алғаш болып сомдаса, кейінірек режиссер ретінде де және бірқатар пьесасына сахналық ғұмыр сыйлады. Сондай туындының бірі – «Атау кере» шығармасы.
26 Қыркүйек, 2022
«Кіші әлем чемпионаты» деп аталған турнир
«Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесін сарапқа салған қазақ күресі турнирі биыл Сайрам ауданының Ақсукент ауылында өтті. Осындағы орталық дендросаябақта ұйымдастырылған додаға Түркістан облысының түкпір-түкпірінен құрамында 130-ға жуық спортшы бар 20 команда қатысты.
26 Қыркүйек, 2022
Әліп Әзербайжанның жеңісіне «көмектесті»
Футболдан Ұлттар лигасының үшінші маусымы Қазақстан құрамасы үшін сәтті аяқталды. Айтулы турнирдің алдыңғы екі маусымында ілініп-салынып өнер көрсеткен жерлестеріміз биыл ер кезегі үшке дейін деген ұстанымды басшылыққа алып, Ұлттар лигасындағы басты мақсатына қол жеткізді. Өз тобында бірінші орын алып, «В» лигасына тікелей жолдамаға ие болды. Жыл басында ғана «D» дивизионына түсіп қалудың аз-ақ алдында тұрған ұлттық құрама ұландары арада алты ай өткенде жанкүйерлерге зор қуаныш сыйлады.
26 Қыркүйек, 2022
Қазақ жерінің көне дәуірдің көмбесіндей құпиясы әлі толық ашылған жоқ. Талай ғасырдан сыр шертетін көне қалашықтың бірі Атырау облысынан табылып отыр.
26 Қыркүйек, 2022
Өткен сенбінің кешінде жыр алыбы Жамбылдың рухы аспандап берді. Астана төрінде. Дәлірек айтқанда, Тәшенов көшесінің бойындағы Жамбыл Жабаев ескерткішінің алдында республикалық «Күй анасы» қорының ұйымдастыруымен ақын шығармашылығына арналған V «Жыр мен күй жәрмеңкесі» өтті. Онда жас жеткіншектер Жамбыл жырларын оқып, күй шертті.
26 Қыркүйек, 2022
ҰҚК қазақ-ресей шекарасындағы жағдайға түсініктеме берді
ҰҚК әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде пайда болған Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жабылуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Қыркүйек, 2022
Абай өңірінде көне қала табылды
Абай өңірінде көне қала табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Semeynews.kz-ке сілтеме жасап.
26 Қыркүйек, 2022
Атырау облысында заңсыз ойын ұйымдастырғандар анықталды
Қаржы мониторинг агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті моншада заңсыз «покер» құмар ойынын ұйымдастыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қыркүйек, 2022
Әскери-әуе күштеріне жаңа қолбасшы тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Руслан Зарлықұлы Қоңыров ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
26 Қыркүйек, 2022
Шу қаласында атыс ұйымдастырған күдіктілер ұсталды
Полиция қызметкерлері Шу қаласындағы атысқа қатысы бар күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
26 Қыркүйек, 2022
Ресейліктер Грузияға кіре алмауы мүмкін
24 қыркүйекте Ресей - Грузия шекарасында 2,3 мың жеңіл автокөлік жиналды, деп жазады Egemen.kz.
26 Қыркүйек, 2022
Сыңарынан адасқан жалғыз аққу осыдан бірер күн бұрын Бейімбет Майлин ауданына қарасты Тобыл кентінің орталығындағы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған аллеяға келіп қонған. Жабайы құстың көкке көтеріле алмайтынын көрген тұрғындар ауыл әкіміне хабарлапты.
26 Қыркүйек, 2022
WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанып отырған қазақтың кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы өзінің келесі кездесуін 12 қарашада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ұлыбританиялық Дензел Бентлимен өткізеді.
26 Қыркүйек, 2022
Бірінші байлыққа баға жетпейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбындағы Жолдауында денсаулық сақтау саласына айрықша мән берілді.
26 Қыркүйек, 2022
Кінәлілер жауапкершіліктен жалтармауы керек
Жақында Қызылордада 39 жастағы келіншек толғақ үстінде көз жұмды. Бұл биылдыққа тіркеліп отырған бесінші жағдай екен. Ана мен бала саулығына байланысты өткен жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бұған жол бергендердің жауапкершілігі қатаң қаралуы керектігін қадап айтты.
26 Қыркүйек, 2022
Жасампаздық жолындағы жаңа бағыт
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алда Президент және Парламент сайлаулары өтетіні туралы халыққа алдын ала айтқаны белгілі. 1 қыркүйектегі Жолдауында айтқан еді. Енді, міне, Президентіміз тиісті Жарлыққа қол қойып, сайлау осы жылдың 20 қарашасында өтетін болды.
26 Қыркүйек, 2022
Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының сегіз айдағы жетістіктері қорытыланды. Жиналыста облыс әкімі Құмар Ақсақалов сөйлеп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құрылыс жұмыстары – 3,2%-ға, тұрғын үй құрылысы – 3,0%-ға, инвестициялар көлемі – 2,3%-ға, өнеркәсіп өндірісі – 1,6%-ға артып, бөлшек сауда 100%-ға орындалғанын жеткізді. Бұл өңірдің біршама жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетеді.
25 Қыркүйек, 2022
Батыс Қазақстан: көші-қон ахуалы
Ресей Федерациясында ішінара мобилизация жарияланған күннен бастап көршілес Қазақстанға келушілердің саны артқаны туралы ақпарат таралғаны белгілі.
25 Қыркүйек, 2022
Мегаполис жастарына мүмкіндік мол
Шымкент – жастарының саны жөнінен республикадағы алдыңғы орындарда тұрған басты қалалардың бірі. Қоғамның қозғаушы күші жастар екені түсінікті. Жастың бойында бұла күш бар. Сондықтан қай елдің өскелең ұрпағы материалдық тұрғыдан жан-жақты қолдау тапқан әрі білімді де білікті болса, сол мемлекет түбінде озады. Осы орайда елімізде жастарға жасалып жатқан қамқорлық аз емес. Әсіресе республиканың үшінші қаласында бұл тұрғыда атқарылып жатқан тындырымды істер ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде.
25 Қыркүйек, 2022
Кеше Аустралияның Вуллонгонг қаласында шосседегі велоспорттан әлем чемпионаты аяқталды. 23 жастағы өрендер арасында қазақстандық Евгений Федоров тамаша өнер көрсетті. 199,8 шақырымдық топтық сайыста ол бас жүлдені олжалады. Күміс және қола медальды чехиялық Матиас Вачек пен норвегиялық Сорен Вереншельд иеленді.
25 Қыркүйек, 2022