Оқи отырыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құруға бағытталған идеясы көптің көңілінен шыққаны даусыз. Конституциялық реформаға бастау болған жалпыхалықтық референдум сәтімен өтті.
28 Қыркүйек, 2022
Қарияларды құрметтеуге шақырады
Қазанның басында аталып өтетін Қарттар күнінің жыл өткен сайын маңызы артып, ауқымы кеңейіп келеді. Қариялардың қадірін ұқтыратын даталы күн қарсаңында елімізде ұлағатты іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Соның бірқатарына «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйытқы болып, қазан айы «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» айлығына ұласады.
28 Қыркүйек, 2022
Астанада «Дос-Мұқасан» фильмінің жабық премьерасы өтті. Аты аңызға айналған музыкалық ансамбль туралы көркем драма 29 қыркүйекте Қазақстан бойынша прокатқа шығады.
27 Қыркүйек, 2022
Өз алдына жеке отау тігіп өмір сүріп, министр бекіткен меншікті басшысы, мемлекеттік мәртебелі мөрі болса да, әлі күнге басыбайлы дербес сахнаға қолы жетпей келе жатқан Болат Аюхановтың балет театры биылғы жаңа маусымын «ТЮЗ» аталып кеткен театрдың сахнасын жалға алып ашты. Аюханов театры үшін қалыпты жағдай саналатын көшпелі маусымашар салтанаты мұндай қиындыққа мойымайды, ізденіс жолындағы театр жыл сайын жаңа премьера ұсынуды дәстүрге айналдырған.
27 Қыркүйек, 2022
Мынау зымыраған заманда кітапхана оқырманға кітап ұстатып, кітап қабылдап қана отыратын орын емес. Бағыты да, мақсаты да өзгерген. Алдыңғы жылдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жалақыларын көтеруді тапсырып, кітапхана қызметкерлеріне тың серпін берген. Содан бері бұл салада не өзгерді, не істелді деген оймен облыстық А.Пушкин атындағы кітапхананың директоры Бибігүл Жамбылқызымен әңгімелескенбіз.
27 Қыркүйек, 2022
Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, темекі бұйымдарының бөлшек саудасымен айналысатын қазақстандық бизнесмендерге арналып Петропавл, Көкшетау және Қостанай қалаларында тауарларды цифрлық таңбалау жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқыту семинарларын өткізді. Жалпы, осындай семинарларды Қазақстанның тағы 15 қаласында өткізу жоспарланып отыр.
27 Қыркүйек, 2022
Болашақты қолдайтын әлеуетке ие
Жастардың болашағына жағдай жасау дамитын елдің мақсат-мүдделерімен тығыз байланысты. Бүгінде елімізде жастардың білім алуы, жұмысқа орналасуына қатысты туындап отырған мәселелер жеткілікті. Студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету күн тәртібінде тұр. Әсіресе ірі қалаларда жатақхана мәселесі толықтай шешімін таба қойған жоқ.
27 Қыркүйек, 2022
Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде «Қазақтың алтын аңызы – Оспан батыр және Нұрғожай батырдың мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
27 Қыркүйек, 2022
Биыл Алматы облысында үш бағыттағы жолдың құрылысы толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, Күрті –Бурылбайтал, Күрті – Қонаев және Шамалған стансасының айналма жолы ел игілігіне жарайды.
27 Қыркүйек, 2022
Күздің сан алуан бояуға малынып тұрған шағында суретшілер кенептерін керіп, табиғат аясында отырғаны қандай жарасымды. Дәл осы сәтті пайдаланып, этюд жазып алып қалмаса, қазан соңында Алтай жүдейді, сұрланады.
27 Қыркүйек, 2022
Шымкентте оқушылар сарайы мен жаңа перзентхана салынады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде биылғы жыл «Балалар жылы» деп жарияланғанын еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2022
Еліміздің 3 өңірінде қар жауады
28 қыркүйекте Астанада және республиканың екі облысында қар мен жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
27 Қыркүйек, 2022
Астанада ауа райының салқындауына байланысты әлеуметтік нысандар, атап айтқанда, медициналық мекемелер, мектептер, балабақшалар мен спорт нысандары жылыту жүйесіне мерзімінен бұрын қосыла бастады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
27 Қыркүйек, 2022
Қазақстанға айрықша еңбек сіңірген шымкенттіктер марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасына айрықша еңбек сіңірген азаматтарды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Қыркүйек, 2022
Токиода Синдзо Абэнің жерлеу рәсімі өтті
Бүгін Токиода Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің мемлекеттік жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2022
Халық референдумды қолдайтынын көрсетті - Мемлекет басшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына сапары аясында өңір жұртшылығымен кездесіп, елдегі өзекті мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Қыркүйек, 2022
Кезектен тыс президент сайлауына 20,5 млрд теңге бөлінеді
Қаржы министрі Президенттік сайлау үшін бөлінген қаржыны мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2022
Жұмысынан айырылған 71,4 мың адамға әлеуметтік төлем төленді
2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмысынан айырылған 71,4 мың адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
27 Қыркүйек, 2022
БҚО-ға бес күнде 16 мыңнан астам ресейлік келді
Қыркүйектің 21-і мен 25-і аралығында Ресей Федерациясының 16 898 азаматы шекаралық кеден бекеттері арқылы Батыс Қазақстан облысы аумағына өтті. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2022
Жұртпен жүздесіп, нысандарды аралады
Қызылордаға жұмыс сапарымен келген Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар мәдени нысанды аралап, спорт кешендерінің жұмысымен танысты.
27 Қыркүйек, 2022