Оқи отырыңыз
Арқалық қаласының маңында ертеден жеткен тарихи ескерткіштер көп кездеседі. Солардың бірі – күні бүгінге дейін бір кірпіші бұзылмай сақталып келген Мақат саханасы. Кесене Ұлытау облысы мен Қостанай облысының шекарасындағы бұрынғы Қорғасын, қазіргі Шеңбер ауылынан 6 шақырым жерде, Арғанаты тауынан бастау алып, Торғайға келіп құятын Қараторғай өзенінің бойында тұр.
10 Қазан, 2022
Новак Джокович: Қазақстанға қайта келетініме сенімдімін
Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған ATP 500 Astana Open турнирінде мерейлі 90-шы жүлдесін жеңіп алған сербиялық теннисші Новак Джокович жарыстан кейін журналистермен тілдесіп, Қазақстан туралы, турнирдің деңгейі жөнінде өз ойын ортаға салды. Сондай-ақ әлемдік аренадағы қазақстандық теннисшілердің жетістіктерін атап өтті.
10 Қазан, 2022
Астанада ТМД мемлекет басшыларының Саммиті өтеді
14 қазанда Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен ТМД Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қазан, 2022
Президент сайлауы: Алматыда 600 сайлау учаскесі ашылады
Алматыда 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қазан, 2022
Семейде жасөспірім қыз көпірден секірді
Абырой болғанда, құтқарушылар оны судан дер кезінде алып шығып, жанын сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қазан, 2022
Елордада Future School мектеп-балабақшасы ашылды
Бүгінде елордада білім саласындағы бірқатар инвестициялық жоба іске асырылып келеді. Солардың бірі - Future School жалпы білім беретін мектебі бүгін алғашқы оқушыларын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
10 Қазан, 2022
Павлодар облысында балықшылар жоғалып кетті
Павлодар облысында жоғалған балықшылар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қазан, 2022
Қазақстанда медициналық пойыздардың жұмысы қайта жанданды
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілістегі Үкімет сағаты барысында елімізде медициналық көмек және консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін 149 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейтінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
10 Қазан, 2022
Өскеменде шаңғы базасынан өрт шықты
Құрғақ шөптің өртенуі Согра ауданындағы өрттің шығуына себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қазан, 2022
Алматыда Қарттар айлығы аясында ІІ Дүниежүзілік соғыс және тыл ардагерлеріне арналған күзгі мерекелік іс-шара өтті. Биыл бесінші жыл қатарынан өткен дәстүрлі басқосуды Соғыс және еңбек ардагерлерінің қалалық кеңесі ұйымдастырып отыр.
10 Қазан, 2022
Сербия чемпион атағын сақтай ала ма?
Нидерланд пен Польшаның бірнеше қаласында өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне таяп келеді. Ертең FIVB (халықаралық волейбол федерациясы) мен Volley World 4 жылда бір рет ұйымдастыратын жаһандық доданың ширек финал ойындары басталады.
10 Қазан, 2022
«Кармен-сюита» көрерменін күтеді
Жақында «Астана Балет» театрында үлкен өнер оқиғасы өтеді. 14-15 қазан күндері театр сахнасында Альберто Алонсоның Жорж Бизенің «Кармен» операсының негізінде қойылып, композитор Родион Щедрин оркестрге арнайы лайықтаған «Кармен-сюита» бір актілі балетінің премьерасы көрерменін қуантуға асық.
10 Қазан, 2022
Өкінішке қарай, қоғамда әлімжеттікті әдетке айналдырған адамдардың қатары көбейіп келеді. Оның дәлелін әр күн сайынғы ала-құла ақпараттан көріп жүрміз. Әсіресе, қорғансыз әйел мен әлжуаз баланы ұрып-соғу мен қорлап, зорлау оқиғалары жиілеп тұр.
10 Қазан, 2022
Астаналық жедел жәрдем қызметінің фельдшері Нұрдәулет Мекенбайға Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мамандары «хондросаркома» деген диагноз қойған болатын. Осы аралықта отандық онкологтер 23 жастағы науқасты алдын ала ерекше операция жасауға дайындады.
10 Қазан, 2022
Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен облыстағы жылу беру маусымының басталуына байланысты әкімдік отырысы өтті. Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен облыстағы жылу беру маусымының басталуына байланысты әкімдік отырысы өтті.
10 Қазан, 2022
Түркі дүниесінің ақпараттық ықпалдастығы
Алматыда «Түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығы» атты түркітілдес журналистердің халықаралық медиа-форумы өтті. Түркі әлеміне ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыра отырып, туысқан халықтардың мәдениеті мен өркениетін өрістетуге бағытталған басқосуда кәсіби тұрғыда тәжірибе алмасу, түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тарихын және түркі мемлекеттеріндегі танымал тұлғаларды БАҚ арқылы насихаттау, заманауи медиа мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелері қамтылды.
10 Қазан, 2022
13 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
09 Қазан, 2022
Дәрігерге тексерілу – міндетің
Бүгінде күйзеліс көп. Теледидарды қоссаңыз да, ғаламторды ақтарсаңыз да атыс-шабыс, ұрыс-керіс туралы айтатындар мен көрсететіндер жетеді. Мамандар көргісі келмесе де бәрібір еститін осындай үрей туғызатын ақпарлар әлсіз адамды депрессияға ұшырататынын айтып дабыл қағып жатыр. Озбырлықтың түр-түрін насихаттап жатқандай көрінетін бағдарламалардың кері әсері, жаман жаңалықтардың салдары көбіне невроз ауруына шалдықтырады. Бұған жұртты үрейлендірген коронавирус та қосылды. Одан бөлек отбасылық проблемалар, несиелер, жанжалдар адамның жүйкесін жұқартады.
09 Қазан, 2022
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Тобыл өңіріне жұмыс сапарымен келіп, облыс тұрғындарымен кездесу өткізді. Еліміздің бас полицейі Қостанайдағы «Жастар» сарайына жиналған мың жарымға жуық адамның алдында есеп беріп, көпшілік тарапынан қойылған сан сауалға жауап берді. Сонымен қатар, кездесуде құқық қорғау саласын реформалаудың барысы туралы айтылды.
09 Қазан, 2022
Республиканың үшінші мегаполисінде кезінде елдің дамуына үлес қосқан, бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған қазыналы қарияларға ерекше қамқорлық көрсетіледі. Соның бір айғағы ретінде жыл сайын халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараны атап өтуге болады. Биыл да бұл игі дәстүр жалғасын тауып, қадірлі еңбек ардагерлері ескерусіз қалмады. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен халықаралық қарттар күні қарсаңында аға ұрпаққа құрмет көрсетіліп, түрлі сый-сияпаттар жасалды. Осы орайда жылдағы дәстүрге сай мегаполистегі «Миллионер» мейрамханасында қарттарға мол дастарқан жайылып, өскелең ұрпаққа олардың өмір жолдары мен елдің болашағы үшін сіңірген ерен еңбектері насихатталды.
09 Қазан, 2022