Оқи отырыңыз
Альцгеймердің алдын алуға болады
Бұл күндері жасына жетпей жаңғалақтық, ұмытшақтық, дегбірсіздік сияқты ахуалға душар болғандар көбейген. Деменция, альцгеймер дейтін дертке шалдыққандар саны артып барады. Науқастардың басым бөлігінде осы кеселдердің белгілері анық байқалса да, денсаулығындағы кінәраттарға дер кезінде мән бермегендіктен, дәрігердің алдына шарасы қалмағанда бір-ақ барады.
31 Қазан, 2022
Биыл негізі Алтықұдық деп аталатын шағын елді мекеннен құралған Арал қаласына 95 жыл толып отыр. Мерейлі жыл аясында аудан орталығында Балықшылар монументі ашылып, Балықшылар аллеясы қайта жаңғырды. Теңізді өңірге сапармен барған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев балық шаруашылығы нысандарында болып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.
31 Қазан, 2022
Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығында Республика күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» атты республикалық форумы мен гала-концерті өтті.
31 Қазан, 2022
Бес жыл бұрын қазан айының қақ ортасында Мәртөк ауданының Қазан елді мекеніне Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданынан 150 бас марал әкелінді. Осы кезге дейін Ақтөбе облысында марал-бұғы өсіруді ешкім кәсіп қылмағанымен, Мәртөк ауданында ойда жоқ шаруаны қолға алған ерлі-зайыпты Ертарғын мен Бануға әуелгіде жұрт сенімсіздікпен қарады.
31 Қазан, 2022
Понтеведрада бұйырған төрт жүлде
Жақында Испанияның Понтеведра қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы (U-23) әлем біріншілігі өз мәресіне жеткен болатын. Бұл жарысты Қазақстанның балуандары төрт жүлдемен қорытындылады. Сол медальдардың үшеуін еркін күрес шеберлері жеңіп алса, біреуі грек-рим күресі өкілдерінің еншісінде. Өкінішке қарай, қыздарымыздың қарқыны тым бәсең болды. Пиреней түбегі сапарынан олар құралақан оралды.
31 Қазан, 2022
Тұмау созылмалы ауруларды өршітуі мүмкін. Бұл туралы Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Берік Қайкенов онлайн баспасөз мәслихатында мәлім етті.
31 Қазан, 2022
Болат Қалымбетов түсірген «Мұқағали» фильмі Дубайдағы Мeta Film Fest кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды. Таяу Шығыс, Азия және Африка кино өндірісін қамтитын Meta Film Fest жаңа халықаралық кинофестиваль 27 қазанда Джумейра Пальмасындағы Nakheel Mall-дағы Vox Cinemas кинотеатрында басталған еді. Фестивальде 25 елден 70-тен астам фильм көрсетілді.
31 Қазан, 2022
Қазақ тіліне аударғанда «Шабыт» деген ұғымды білдіретін «Begeisterung» фестивалі Қостанайда осымен жиырмасыншы рет ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі шара биыл Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орайластырылды.
31 Қазан, 2022
Филиппиндегі дауылдан 98 адам қаза тапты
Филиппин тұрғындары «Налгае» тропикалық дауылынан зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz DW сайтына сілтеме жасап.
31 Қазан, 2022
Сеулдегі қайғылы оқиғаға қатысты тергеу басталды
Оңтүстік Корея билігі Хэллоуин мерекесі қарсаңында болған адам өліміне қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
31 Қазан, 2022
Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады
Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жауын жауады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
31 Қазан, 2022
Бұл күндері теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық сайыстарына қызу даярлануда. Аталған жарыстың жалауы 8-13 қараша аралығында Шотландияның Глазго қаласында желбірейді. Әлемнің ең үздік 12 командасының қатысуымен өтетін дәстүрлі турнирде жерлестеріміз алғаш рет бақ сынамақ.
31 Қазан, 2022
Ел астанасындағы өткен ауқымды іс-шара Жамбыл ақын: «Екі өркеші түйенің, екі емшегі биенің, қазақ пенен қырғызым, нағашым мен жиенім» деп жырлаған бауырлас һәм бір туған қырғыз өнеріне арналды. Бірнеше күн бойы қырғыз мәдениетіне қанықтық: киносын көрдік, әнін тыңдадық, суретіне таңғалдық, биіне қол соқтық. Жалпы, сонау «Манастан» тамыр тартатын қырғыз өнерінің қай саласында да ғажап бір үйлесім бар. Шыңғыс Айтматов, Төлемүш Өкеев, Болат Шәмшиев, Сүйменқұл Чоқморов, басқа да қырғыздың таланттары әлемдік деңгейдегі өнер жасады. Бәлки, бұл да әйгілі «Манастың» күші шығар.
31 Қазан, 2022
Қостанайда «Sarap» эксперттік клубы «Кезектен тыс президент сайлауы: еліміздің саяси жүйесін трансформациялау жолындағы кезекті қадам» атты көшпелі отырысын өткізді.
30 Қазан, 2022
Атырауда Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысы өтті. Отырысқа комитет төрағасы Серікбай Трұмов бастаған сенаторлар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика, Қаржы, Энергетика министрліктерінің өкілдері, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, арнайы экономикалық аймақта тіркелген кәсіпкерлік нысандарының басшылары қатысты.
30 Қазан, 2022
Қазақ балуандары – «Turan barysy» жеңімпазы
Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия кубогі өтті. Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысып, өзара мықтыны анықтады.
30 Қазан, 2022
Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша «Бақытты отбасы» орталығының ұйымдастыруымен Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясында «Өнегелі келін» республикалық байқауы өтіп, тәжірибелі келіндер бақ сынасты.
30 Қазан, 2022
Әуезов әлемі суретшілер көзімен...
Облыстық А.Пушкин атындағы кітапханада «Мұхтар Әуезов шығармашылығы суретшілер көзімен» атты сурет көрмесі ашылды. Жазушы шығармаларын оқырман қауымға насихаттау мақсатында өткен көрмеге қырыққа жуық кәсіби және әуесқой қылқалам шеберлері қатысты.
30 Қазан, 2022
Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының мектептерін аралады
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының мектептерін аралап, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша жаңа мектептердің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қазан, 2022
ТМД елдерінің ойындары Беларусь Республикасында өтеді
Беларусь Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко Беларусь ТМД елдерінің ІІ ойынын өткізуге толық дайын екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қазан, 2022