Оқи отырыңыз
«Заң керуені» аудан аралап жүр
Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев және өңірлік құқық қорғау органдарының басшылары аудандарды аралап, жергілікті халықпен кездесіп, әрбір тұрғынның арыз-шағымы бойынша жеке қабылдаулар өткізуді қолға алды.
08 Қараша, 2022
Әділетті Қазақстанның дәйекті бағыты
Мемлекет басшысының конституциялық заңдарға қол қоюы саяси жаңғыртудың маңызды кезеңі болды. Президенттің Жолдауларда жариялаған және референдум барысында Қазақстан халқының қолдауына ие болған бастамалары заңнамалық тұрғыдан ресімделді. Ал заңдардағы негізгі өзгерістер адам құқықтарын қорғау және сайлау жүйесіне қатысты.
08 Қараша, 2022
Креативті экономика – өзгеріс өлшемі
Қазір әлем елдері креативті индустрияны пандемия салдарынан діңкелеген экономиканы қайта қалпына келтірудің басты тетігі ретінде қарастырып отыр. Тіпті дағдарыс қос өкпені қысып тұрған 2020-2021 жылдары әлемдік экономиканың ерекше секторындағы өсім 14-15 пайызға жеткен.
07 Қараша, 2022
Бұғы атқанды бұғалықтауға болмай ма?
Заң талаптарын бұзғандарға қолданылар жаза мейлінше қатаңдатылғанымен, өңірдегі жүгірген аң мен ұшқан құстың браконьерлердің қандыауыз мылтығының қарауылына жиі ілінеді.
07 Қараша, 2022
Мемлекет басшысы 2022 жылғы маусымдағы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты республикалық референдумның қорытындысы бойынша қабылданған бірқатар маңызды заңға жария түрде қол қойды. Біз осылайша конституциялық реформаны нақты жүзеге асыруға кірістік.
07 Қараша, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкіметте халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етудің кезеңдік жоспары әзірленген. Осы жоспарға сәйкес Солтүстік Қазақстанда әлі су жеткізілмеген 226 ауылға су тарту көзделген. Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Павел Шиловтың айтуына қарағанда, бұл мақсат 2026 жылға дейін толық орындалады. Әзірге ауыз су толық жетпей отырған 18 ауылға сумен қамтамасыз ету нысандары салынады, ал 164 ауылға кешенді блок-модульдер орнатылады, тағы 47 ауылда топтық су құбыры жаңғыртылады.
07 Қараша, 2022
Баспанаға жеткізетін бағдарлама
Статистикалық мәліметке сүйенсек, қазір Атырау облысында 668 090 адам тұрады. Оның ішінде 18-35 жас аралығында 111 776 (17%) адам бар. Жастар арасында баспанаға мұқтаж жандар жеткілікті. Сол себепті облыс әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ «Атырау жастары» тұрғын үй бағдарламасын іске қосуға қадам жасады.
07 Қараша, 2022
Оралда отырып Өфе университетінде оқиды
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Өфе мемлекеттік мұнай техникалық университетінің өкілдігі ашылды. Бұл еліміздегі «Үйден – шетелдік білім» қағидасын жүзеге асыру мақсатында ашылған жоба.
07 Қараша, 2022
Қызылорда облысына сапармен келген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі алдымен облыстық Жастар ресурстық орталығында болды. Жастар орталығын аралаған министр мұндағы «Мүмкіндіктер алаңымен», қоғам белсендісі Талғат Меңдібаевтың бастамасымен құрылған «Кітап құрттары» ұйымының жұмысымен танысты.
07 Қараша, 2022
Жуырда Шымкент қаласының 11-шағын ауданында айрықша сәулет үлгіде безендірілген гүлзар ашылды. Аталған нысанның ашылуы салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.
07 Қараша, 2022
Театр тарланы: Шымкентте Жұмат Шанинді еске алу кеші өтті
Шымкентте режиссер, драматург, актер, қазақ ұлтының кәсіби театр өнерінің негізін салушы, қоғам және театр қайраткері, Қазақ АКСР-нің халық әртісі Жұмат Шаниннің туғанына 130 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қаланың зиялы қауым өкілдері, өнерсүйер жастар дара тұлғаның ұрпақтарымен кездесті.
07 Қараша, 2022
Биыл театр һәм кино өнерінің жарық жұлдызы Шолпан Жандарбекованың туғанына – 100 жыл толса, келесі жылы сол межені біздің жерлесіміз Бикен Римова бағындырмақ. Ұлт руханиятына қомақты олжа салып, сахна мен өмірде бірге жасасып, телқоңыр тағдыр кешкен қос сахна саңлағының мерейтойын Жетісу жұрты сән-салтанатпен атап өтті.
07 Қараша, 2022
Кеше Амманда өтіп жатқан бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшылардың есімі белгілі болды. Жексенбі күнгі бәсекелердің қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасының 14 боксшысы сол межеден көрінді. Сондай-ақ дүйсенбі күні тағы жеті былғары қолғап шеберіміз ширек финал кездесулерін өткізді.
07 Қараша, 2022
Таразда еркін күрестен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты 110 жылдық мерейтойына арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Біріккен күрес әлемінің (UWW) бағдарламасына енген жарыстың биылғы жүлде қоры 70 000 АҚШ долларын құрады. Ең қуаныштысы, Әулиеата топырағында Қазақстанның балуандары табысты өнер көрсетіп, 5 алтын, 6 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды. Барлығы – 24 жүлде!
07 Қараша, 2022
«Астана» – қасиетті санның иегері
Тоғыз айға жалғасып, толғағы жеткен футболдан 2022 жылғы Қазақстан чемпионаты «Астананың» жеңісімен аяқталды. Наурыздың алғашқы аптасында басталған доп додасы қарашаның бірінші жексенбісінде тізгін тартты. 26 тур бойы турнир кестесінің алғашқы үштігінен түспеген «Астана» соңғы турда жеңіске жетіп, ел тарихындағы жетінші чемпиондығына қол жеткізді. Ұзақ үзілістен кейін жүлдегерлер қатарынан көрінген «Ақтөбе» екінші орынға жайғасса, былтырғы ел чемпионы – «Тобыл» үшінші орынға табан тіреді.
07 Қараша, 2022
Еліміздің әр өңірінен келген 18 мұражайдың баға жетпес құнды жәдігерлері Қарағанды жұртының назарына ұсынылды. Бұл Қазақстан мұражайларының қоры арқылы тұңғыш рет ұйымдастырылған көрме екенін атап өткен жөн.
07 Қараша, 2022
Астанадағы Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейде «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай елордалық мектеп оқушылары арасында «Ел – бүгіншіл, менікі ертең үшін» атты шығармашылық сайыс өтті.
07 Қараша, 2022
Президент Маңғыстау облысында туризмді дамытуды тапсырды
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының туризміне қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.
07 Қараша, 2022
Президент жем-шөптің бағасын арзандатуды тапсырды
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуде жем-шөп бағасын арзандату мәселесіне назар аударуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.
07 Қараша, 2022
Маңғыстауға бөлінген білім гранттары толық игерілмеген
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында өңірге қажетті кәсіби кадрларды даярлау ісіне баса назар аудару қажеттігіне тоқталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2022