Оқи отырыңыз
Қонысбек Ботбай өмірден озыпты, біраздан бері жанын қинап жүрген ауыр дерт ақыры алып тыныпты, деген суық хабар жүректі кәдімгідей жүдетті.
08 Қараша, 2022
Мурал сурет салудан да қиын деседі. Кескіндеме өнерінің заманауи түрі соңғы жылдары Кереку жерінде кең тарала бастағаны байқалады. Жуықта Ақсу шаһарында қазақ батырлары бейнеленген ауқымды мурал пайда болды.
08 Қараша, 2022
Қостанайда жас суретшілер мен декоративті-қолданбалы өнер шеберлерінің «Жас толқын» республикалық байқауы мәреге жетті. Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі шара биыл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Балалар жылына орайластырылып отыр.
08 Қараша, 2022
Байқауға бардық, бас шайқап қалдық
Биыл дәулескер күйші Әлшекей Бектібайұлының туғанына 175 жыл толып отыр. Осыған орай артында қалған телегей мұрасынан бізге тамшыдайы ғана жеткен ұлы өнерпаз туған Жаңақорған ауданында жыл басында «Әлшекей әлемі» атты аймақтық өнер фестивалі өтті. Жуырда ғана осы аудан азаматтары өнер зерттеушілерін, әлшекейтанушы ғалымдарды қатыстыра отырып, «Дәстүрлі күйшілік өнер және күйші Әлшекей Бектібайұлының мұрасы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырды.
08 Қараша, 2022
Қазақтың тұңғыш кәсіби журналисі, ұлт баспасөзінің бастауында тұрған «Айқап» журналын шығарып, өз дәуірінің озық ойлы азаматтарының қалам қарымын қазақтың жоғын жоқтап, керегін іздеуге жұмылдырған ағартушы, ақын Мұхамеджан Серәлиннің туған жері Қарабалықта қайраткердің 150 жылдығына арналған дүбірлі той өтті. Тойдың танымдық-тағылымдық мәнін ашып берген іс-шараның бірі «Айқап» редакторының ақындық мұрасы мен ағартушылық, журналистік, ұстаздық қызметі зерделенген халықаралық ғылыми конференция болды.
08 Қараша, 2022
Тауарларды цифрлық таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторының мамандары өңірлерде темекі өнімдерін көтерме-бөлшек сатуды жүзеге асыратындарға цифрлық таңбалау жүйесінде жұмыс істеуді үйретіп жатыр.
08 Қараша, 2022
Каспий жағалауында 100-ден астам өлі итбалық табылды
Каспий теңізінің жағалауындағы Баутино ауылы мен Форт-Шевченко қаласы аралығындағы аумақта 100-ден астам өлі Каспий итбалығы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2022
Алматыдан Қонаевқа қатынайтын пойыз бағыты ашылады
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы және Қонаев қалалары арасында жаңа жолаушылар темір жол бағытын ашу мәселесін қарастырған болатын. Осыған сәйкес биылғы жылдың 11 қарашасынан бастап Алматы – Қонаев пойыз бағыты ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қараша, 2022
Атырауда Қазақстанға еңбек сіңірген азаматтар марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Атырау өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2022
Қазақстанда Ақсақалдар кеңесінің мәртебесі артады
Мемлекет басшысы Атырау облысының жұртшылығымен кездесуде Ақсақалдар кеңесінің жұмысын жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2022
Туризмді дамыту - маңызды міндет: Президент Атыраудағы лотос гүлін танымал ету жолдарын айтты
Президент Атырау жұршылығымен кездесу барысында Мәдени туризм саласын цифрландыруға көңіл бөлуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.
08 Қараша, 2022
«Астрахань – Маңғыстау» су құбырының 80 пайызы тозған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысындағы су мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2022
Президент Атыраудағы балық шаруашылығын дамытуды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысындағы балық шаруашылығын дамытуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2022
Атырау жерінде үлкен мұнай қоймасы салынады
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп жазады Egemen.kz.
08 Қараша, 2022
Президент мұнайшыларға ризашылығын білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барды. Өңір жұртшылығымен кездесуінде Мемлекет басшысы мұнайшыларға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2022
Мамандар Павлодар жерінде өмір сүрген үш тұяқты жылқы туралы айтты
Ерте заманда Павлодарда керіктер мен үш тұяқты жылқы өмір сүрген. Ерекше жануарлардың сүйегі Павлодар қаласындағы «Қаз қонақ» табиғи ескерткіш орнынан табылған, деп жазады Egemen.kz. Бұл туралы жергілікті pavlodarnews.kz интернет басылымы хабар таратты.
08 Қараша, 2022
Риддердегі ЖЭО коммуналдық меншікке қайтарылуы мүмкін
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2022
«Астана Балет» Грузияға аттанады
«Астана Балет» театрының Грузия еліне жоспарлаған гастрольдік сапары 14-15 қарашада Тбилисидегі З.Палиашвили атындағы Опера және балет театрының сахнасында өтеді. Гастроль аясында елордалық ұжым «Саломея», «A Fuego Lento» бір актілі балеттері мен «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасын грузиялық көрермен назарына ұсынады.
08 Қараша, 2022
Діни қолжазбалар мен басылымдар көрмесі
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейдің арнайы алаңында «Діни мазмұнды қолжазбалар мен басылымдар (ҚР МОМ материалдары негізінде)» атты көрме ұйымдастырылды. Қазақ халқының рухани мәдениетінің асыл мұраларының қатарында сирек кездесетін көне діни мазмұнды қолжазбалар мен басылымдардың алатын орны айрықша. Мемлекеттік орталық музейдің қорында 220 бірліктен аса дені қазақ, араб, парсы, шағатай, түрік, татар тілдеріндегі жазба жәдігерлер cақтаулы.
08 Қараша, 2022
Ақтөбе облысында ауыл адамдарының табысын арттырып, жұмыссыздықты азайту және әр отбасының кірісін ұлғайту мақсатында «Ауыл аманаты» қанатқақты жобасы басталды. Тұрғындардың өз ауласын табыс көзіне айналдыру жобасына 12 аудандағы 24 ауылдық округтің 42 400 тұрғыны қатысады.
08 Қараша, 2022