Оқи отырыңыз
Ділгір құралға қол жеткізудің жолы
Жыл басынан бастап Әлеуметтік қызметтер арқылы шамамен 18,4 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 200 ымдау тілі қызметін, 2 мың жеке көмекшінің қызметін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
02 Ақпан, 2023
Ерекше перзентті оңалту да, оқыту да оңай емес
Жақында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар үшін Алматы қаласының Іскер әйелдер қауымдастығы, «MamaPro» қоғамдық қоры және«ICF-Kazakhstan» халықаралық коучинг федерациясы бірлесіп «Әйелдер – әйелдерге» әлеуметтік жобасын бастады. Аталған жоба аясында кәсіби мамандар мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналарға жеке кәсібін ашуға қолдау көрсетеді.
02 Ақпан, 2023
Арнайы білім мекемелеріндегі ахуал
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпыға ортақ білім беру үрдісіне қосуға ерекше назар аударылып отыр. Осы орайда мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу бағдарламасын дер кезінде игеруі, өз ортасымен тіл табысуына қатысты әдістемелік кешенді жетілдіру жұмыстары сала мамандарына үлкен жауапкершілік жүктейді.
02 Ақпан, 2023
Өңірлік университеттегі өмірлік дау
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің екі жүзге жуық қызметкері шайлығына әзер жететін айлығын жырымдаған басшылыққа базынасын айтып, шу шығарды.
02 Ақпан, 2023
Келешектің инновациялық бағдары
«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы Павлодарда алғашқы жемісін бере бастады. Былтыр ел бойынша алғаш болып ашылған IT-мектеп бір жыл ішінде 400 адамды оқытып, жеке компаниялардың ақпараттық технологиялар саласындағы білікті мамандарының санын арттырды. Ал фрилансер ретінде өз бизнесін ашқандар мұнда қажетті IT-дағдыларды үйреніп, соның нәтижесінде кәсіптерін өркендету үстінде.
02 Ақпан, 2023
Рыбакинаның жарқын жеңісі осы спорт түрін серік еткендерді жігерлендіруге тиіс
Мельбурнде өткен Аустралияның ашық біріншілігі жексенбіде аяқталғанымен, спорт десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер сол бәсекелер барысын әлі біраз уақыт бойы талқылайтыны анық. Біз осы оңтайлы сәтті пайдаланып, Қазақстанның теннисі жайында азды-кем әңгіме қозғауды құп көріп отырмыз. Бұған дейін жерлестеріміз «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлерде қалай өнер көрсетті? Олар қай межеге дейін жете алды? Әлемдік рейтингтегі ең үздік көрсеткішіміз қандай? Бүгінгі мақаламызда осы сауалдарға тұщымды жауап қайтаруға тырысайық.
02 Ақпан, 2023
Әбігерге түсірген толассыз жауын
Түркістан облысында толассыз жауған жаңбырдың және қалың қардың еруіне байланысты Кентау, Түркістан қалалары мен Бәйдібек, Сауран, Ордабасы аудандарындағы тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады. Табиғи апатқа жол бермеу мақсатында барлық шара қолданылды.
02 Ақпан, 2023
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген «Паралимпиадашы» фильмі Мумбайда (Үндістан) өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының кинофестивалінде жоғары марапатқа ие болды.
02 Ақпан, 2023
LRT жобасы қашан аяқталатыны белгілі болды
LRT жобасы келесі жылдың соңына дейін аяқталады. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Ақпан, 2023
Алматыда мемлекеттік қызметтің 96%-ы цифрлы форматта көрсетіледі
Digital Almaty халықаралық форумында сөз алған Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Цифрлық трансформация мәселелерінің өзектілігін асыра бағалау мүмкін еместігін айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Ақпан, 2023
DIGITAL ALMATY 2023 форумына 17 мың адам тіркелді
2 ақпанда Алматыда «Digital Almaty: жаңа шындықтағы цифрлық әріптестік» V мерейтойлық халықаралық цифрлық форумы өз жұмысын бастады. Форум 2 және 3 ақпанда өтеді. Форумның басты тақырыбы «Инновациялық технологиялар индустриясын дамытудың заманауи жаһандық сын-қатерлеріне» арналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Ақпан, 2023
Алматының «цифрлық егізі» күзде құрылады - Ерболат Досаев
Алматы әкімі Ерболат Досаев «Цифрлық Алматы: жаңа шындықтағы цифрлық серіктестік» форумының ашылуында қалада мемлекеттік қызметтердің 96 пайызы цифрлық форматта көрсетілетінін және бұл көрсеткіштің үнемі өсіп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Ақпан, 2023
Алматыда DIGITAL ALMATY 2023 форумы басталды
Жыл сайынғы Digital Almaty халықаралық форумы – бұл бизнес өкілдерінің, халықаралық сарапшылардың, IT-қоғамдастықтың, мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың қатысуымен өтетін Алматыдағы ең ірі Tech-іс-шара. Осымен бесінші рет өтіп жатқан форум «Жаңа шындықтағы цифрлық серіктестік» деген тақырыппен өтіп жатыр. Жалпы панельдік сессия 20 тақырыптан тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Ақпан, 2023
Қазір адам санасынан туындаған ғаламаттарға емес, қанша тырыссаң да түсінікке сыймайтын нәрселерге таңғалумен келеміз. Бұл, әсіресе, адами мінез-құлық, адамгершілік құндылықтарына қатысты. Шетелдің шектен шыққан «хайптары» емес, өз елімізде бірінен соң бірі орын алып жатқан шетін оқиғалардың шеті жоқ – жыларыңды да, күлеріңді де білмейсің.
02 Ақпан, 2023
Сұранысқа сай маман даярлау қажет
Өндірісі өркендеген өңірлерде кәсіптік және техникалық білімі бар мамандарға сұраныс жоғары. Әрі Мемлекет басшысының тапсырмасымен сұранысқа сай мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтуға көңіл бөлініп отыр. Оқу-ағарту министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірге 9-сыныптан соң колледжге түсуді көздеген балаларға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту мәселесіне кірісті. Яғни кәсіптік-техникалық бағытта маман даярлау ісі де экономиканың және нарықтың сұранысына байланысты дамиды.
02 Ақпан, 2023
«Басты міндет – іскер азаматтарымыздың кәсіпкерлік рухына зиянын тигізетін жасанды кедергілер мен шектеулердің бәрін жою. Кәсіпкерлер бизнеске жүргізілетін себепсіз тексерулерді біржолата ұмытуы қажет. Олар тек салық органдарының алдында ғана есеп береді». Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі. Алайда Өскеменде жеке кәсіпкер Ренат Жубаков кедергілер кесірінен кәсібін дөңгелете алмай отыр.
02 Ақпан, 2023
Азық-түлік одақтары отандық өндірушілер бағдарламасын қолдай ма?
Жуырда ел Үкіметі жергілікті нарықтағы заманауи әрі сапалы отандық өнімдерді жан-жақты қолдау үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге атқарылатын «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық бағдарламасының іске қосылатынын мәлімдеді. Бұл қолдаудың отандық азық-түлік өндірушілеріміз үшін маңызы зор. Отандық тауарлардың өтімділігін көздейтін «Қазақстанда жасалған» бірыңғай ақпараттық платформасын енгізу өз азық-түліктеріміздің кең сауда сөрелеріне жайғасып, көзге түсетін аумақты иеленуіне жағдай тудырып, өндірушілер мен сауда орындары арасындағы өзара әрекетіне бағытталған. Өкінішке қарай, жағдай әлі де керісінше.
01 Ақпан, 2023
Өндірістік жарақат азаймай тұр
Өндіріс орындарында қауіпсіздікті сақтау қанша жерден барынша қадағаланғанымен, мұны құнттамай, опық жеп қалатын оқыс оқиғалардың саны азаяр емес. Өткен жылы өндірістегі жазатайым жағдайлардан 1 465 жұмыскер зардап шекті, оның 203-і қаза тапты. Бұл сорақы көрсеткіш алдыңғы жылға қарағанда жақсарған жоқ, яғни өндірістік жарақат саны 2021 жылдың деңгейінде сақталды.
01 Ақпан, 2023
Директорларды ротациялау: Артықшылығы мен кемшілігі
Елімізде қай саланың да дамуына кедергісін келтіріп келе жатқан ең үлкен мәселе сыбайлас жемқорлық екені анық. Бұл «кесел» білім беру саласын да біраз былыққа батырғаны жасырын емес. Осы тұрғыдан келгенде мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың тамырын қиятын түрлі тетіктер қолға алынып жатыр. Мәселен, білім саласында мектеп директорларын басқа білім ұясына басшылыққа ауыстыру тәжірибесі елімізде кейінгі бір-екі жылдың бедерінде қарқынды жүзеге асып келеді.
01 Ақпан, 2023