Оқи отырыңыз
Петропавл қаласындағы М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп 2002 жылы Жоғары колледждің жанынан ашылған еді. Бұл –кезінде ақын Мағжан Жұмабаев сабақ берген педагогикалық училище. Осы оқу орны әуелі колледж, кейіннен жоғары колледж ретінде өзгерді. 1993 жылы оқу орнына әйгілі ақынның есімі берілді.
17 Қаңтар, 2023
Қалпына келтіру жұмыстары жүйеленді
Бүгінде Талас және Сарысу ауданында төтенше жағдай салдарынан туындаған мәселені жою бойынша нақты жұмыс атқарылып жатыр. Дүлей дауыл салдарынан бүлінген Жаңатас қаласындағы 7 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес жұмысты сапалы әрі тез арада аяқтау үшін жергілікті мердігерлер жұмылған жұдырықтай еңбек етуде. Олар өздеріне жүктелген міндетті сапалы әрі жедел аяқтауға мүдделі. Аталған нысандардағы жұмыстар 60-70 пайызға тәмамдалған.
17 Қаңтар, 2023
Білікті дәрігерлердің өңірдегі тәжірибесі
Президент Іс басқармасының медициналық орталығының Ақтөбе қаласындағы күндері басталды. Тур аясында орталықтың білікті дәрігерлері хирургия, терапия, аллергология, аритмология, геномдық диагностика, иммунология, нейрохирургия және басқа салалар бойынша тұрғындарға көмек көрсетеді.
17 Қаңтар, 2023
Елімізде аса қадірлі тұлғаларға ескерткіштер орнатылады. Алайда одан кейін оларды мүлдем ұмыт қалдырамыз. Жаздың жайма-шуақ күндері еңселі ескерткіштердің жанында тағылымды іс-шаралар өткізуге болар еді ғой. Жоқ, ескерткіштер елеусіз қалған. Мысалы, Ресейде Пушкин ескерткішінің жанында поэзия кешін өткізіп, жас ақындар өлеңдерін оқитын дәстүр бар.
17 Қаңтар, 2023
Кейінгі жылдары қазақ қыздары да ерлермен қатар спорттағы биік белестерді бағындыра бастады. Тіпті олардың қатарында төрт жылда бір келетін Олимпия ойындарының жүлдегері мен жер-жаһанның ең үздік спортшылары қатысатын әлем чемпионатының жеңімпаздары да бар. Дегенмен Олимпиада бағдарламасына енбейтін жекпе-жек өнерінде топ жарып жүргендері саусақпен санарлық. Соның бірі, қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионы – Аян Дәулетбекқызы Тұрсын.
17 Қаңтар, 2023
«Барыс» плей-офф кезеңіне шыға ала ма?
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» биылғы маусымды өте сәтсіз өткізіп жатыр. Қазіргі таңда Андрей Скабелка шәкірттері «Шығыс» конференциясының жарыс кестесінде 48 ұпаймен 11 команданың ішінде небәрі 10-орында келеді. Көш соңында тұрған «Амурдың» да еншісінде 48 ұпай бар. Егер, жерлестеріміз енді қалған 16 турда да еңсе тіктемесе, турнир кестесінде жоғары орыннан көрінуі былай тұрсын, Гагарин кубогі жолындағы жарысқа жолдама беретін үздік 8 клубтың қатарына іліне алмай қалуы әбден мүмкін.
17 Қаңтар, 2023
АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан ХХХ қысқы Универсиаданың кезекті күнінде Қазақстанның студент спортшылары тағы бір алтын медаль жеңіп алды. Бұл жолы шаңғымен тұғырдан секіру бәсекесінде Данил Васильев үздік нәтиже көрсетіп, алтын тұғырдан қол бұлғады.
17 Қаңтар, 2023
Екі жерлесіміз – үздіктер санатында
Кәсіпқой бокс туралы жазатын Worldboxingnews.net порталы дәл қазіргі уақыттағы әлемдегі ең мықты деген 50 боксшының тізімін жариялады. Үздіктер санатында Қазақстанның екі былғары қолғап шебері бар.
17 Қаңтар, 2023
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтынын елорданың «Барысы» кезекті тур ойынын «Барыс Аренада» өткізіп, Новосибирскінің «Сибирь» командасынан жеңіліп қалды.
17 Қаңтар, 2023
Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін БАӘ нарығына жеткізуге дайын
Президент Қазақстан – БАӘ инвестициялық дөңгелек үстел отырысында екі ел арасындағы іскерлік ынтымақтастықты нығайту жолдарын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қаңтар, 2023
Қазақстанның жас теннисші қыздары Айя Нұпбай мен Асылжан Арыстанбекова Үндістан астанасы Делиде өткен екінші санаттағы J200 DELHI жарысының жұптық сынында жеңімпаз атанды.
17 Қаңтар, 2023
Румынияда күйші Құрманғазының бюсті ашылады
Бұл мәселені Қазақстанның елшісі Нұрбах Рүстемов Румыния Премьер-министрінің Мемлекеттік кеңесшісі Юлиан Кифумен кездесуінде талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қаңтар, 2023
Қостанайдағы орман өртіне тракторшы кінәлі деп танылды
Қостанай облысында қыркүйекте болған алапат орман өрті тракторшының салғырттығынан тұтанған. Әулиекөл аудандық соты осындай шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
17 Қаңтар, 2023
Биыл тағы 5 млн гектар жерді қайтару жоспарланып отыр
Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қаңтар, 2023
Отандық тракторға қолдау қажет
«Жұмыскер» – Май ауданында құрастырылып шығатын шағын трактор. Бұл – кезіндегі Павлодар трактор зауыты жойылғалы өңірде алғаш болып толық құрастырылған әрі патентке ие болған жалғыз шағын трактор. Ауылдағы өндіріс орны бүгінде біраз қиындыққа ұрынып отыр.
17 Қаңтар, 2023
Былтыр ақмолалық диқандар 5 млн тоннадан астам тәп-тәуір өнім жинады. Көктен иіп, жерден берді. Өз адал еңбектері себеп. Даланың дәні диқанның маңдай терімен өседі. Олар биыл да көктемгі егіс науқанына ертерек қамданды. Қазір қар тоқтатылып, қолда бар техника жөндеуден өткізіліп жатыр.
16 Қаңтар, 2023
Жас келсе – іске! Екі қолы сау адам ерінбесе еңбектің кілтін табады. Бұл ретте жетісулық жастарды мақтанышпен айтуға болады. Мәселен, Ақсу ауданына қарасты Сағакүрес ауылында 26 жастағы жас кәсіпкер отбасылық кәсіп ашып, нан өнімдерін өндіріп отыр. Ауылдастары дән риза. Оның наубайшылықпен айналысуына мемлекеттен берілген грант түрткі болған.
16 Қаңтар, 2023
Қазақы тазы мен төбетті сақтайтын арнайы заң шықты. Жөн-ақ. Ал бұқара бұралқы иттерден құтылудың амалын таппай жүр. Заң негізінде. Қазір бұралқы ит атаулының қала ортасында көбейіп бара жатқаны ешкімге таңсық емес. «Кет!» деуге де дәрмен жоқ жұртта. Өйткені «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң олай дегізбейді.
16 Қаңтар, 2023
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері өзгерді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлейтін жарналар мен аударымдар көлемі МӘМС туралы заңда бекітілген және биыл өзгеріссіз қалды. Ал ең төменгі жалақы және айлық есептік көрсеткіш базалық әлеуметтік төлемдерінің мөлшері өсуіне байланысты дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер төлейтін жарна көлемі артты. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі осы ретте ескеруге тиісті өзгерістер туралы түсіндіреді.
16 Қаңтар, 2023
Қалыңдығын іздеген грузин хикаясы немесе актер Фархад Әбдірайымовтың соңғы рөлі
Жаһанды жайлаған індет кезінде Қазақстан мен Грузия кинематографистері бірігіп, «Махаббаттан да маңызды» («Больше чем любовь») атты романтикалық комедия түсіруді бастаған болатын. Амандық болса, алдағы наурыз айында аталған фильмнің тұсауы кесіліп, еліміздің кинотеатрларында көрсетіле бастайды.
16 Қаңтар, 2023