Оқи отырыңыз
Олимпиадаға дайындық қалай жүріп жатыр?
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) келер жылы Франция астанасы Парижде жалауы желбірейтін жазғы Олимпия ойындарының дайындық барысына көңілі толмайтынын айтты. Жанкүйерлер төрт жылда бір келетін бұл мерекені асқан ыждағатпен күтіп отырғанда, ұйымдастырушылар бірқатар кедергіге тап болыпты.
23 Қаңтар, 2023
Биыл елордадағы Сәкен Сейфуллин музейінің құрылғанына 35 жыл толады. Алғашқы ашылған күннен осы шаһардың рухани-мәдени ордасына айналған шаңырақта дауылпаз ақынға қатысты бірқатар құнды деректер мен жәдігерлер сақталған. Жақында мұражайда айтулы күнге байланысты «Латын және төте қарпімен жазылған Сәкен шығармалары» атты көрме ашылды.
23 Қаңтар, 2023
Қазақстан биоалуантүрлілік қауымдастығы көкқұсты «Жыл құсы» деп таныды. Онлайн сауалнамаға қатысқандардың 64 пайызы көкқұсты жыл құсына лайықты деп тапқан.
23 Қаңтар, 2023
Штаб-пәтері Германияның Бонн қаласында орналасқан Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясы (IFFHS) әлемнің ең үздік ішкі чемпионаттарының рейтингін жариялады.
23 Қаңтар, 2023
Рыбакинаның рейтингі жоғарылады
Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті ұтып, Аустралия ашық біріншілігінің ширек финалына шыққан Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі жағдайын біршама жақсартты.
23 Қаңтар, 2023
Шетелдік көліктерді заңдастыру: 2 мыңнан астам өтінім мақұлданды
Бүгін, 23 қаңтарда Қазақстанда шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталды. 18:00-дегі жағдай бойынша 2000-нан астам өтінім мақұлданды, оның ішінде 100 адам тиісті құжаттарды алып үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қаңтар, 2023
Бразилия мен Аргентина ортақ валюта енгізуі мүмкін
Бразилия мен Аргентина ортақ валютаны дамытуға мүдделі. Бұл туралы Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва мен Аргентина басшысы Альберто Фернандес мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қаңтар, 2023
Пайдалы қазбалар кен орындары мемлекет меншігіне қайтарылды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатының кен орындарын тексеру мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Қаңтар, 2023
Қызылорда облысында жаппай төбелес болды
Кеше сағат 19:30-да Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы спорт клубының жанында ер адамдар арасында жанжал болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қаңтар, 2023
Күнбағыс майының өндіріс көлемі 62%-ға артты
Бір жылда баға 17%-ға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
23 Қаңтар, 2023
Түркістан облысының тұрғындары Қызыл кітапқа енген аңды атқан
Түркістан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан күдіктілерден қару-жарақ тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
23 Қаңтар, 2023
Медициналық қызметке жұмсалатын жарна
2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында МӘМС үшін Астана қаласы бойынша 67,5 млрд теңге жарна аударымдары түскен. Ал өткен жылдың желтоқсан айында елордалықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 6,9 млрд теңгеден аса жарна аударды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2022 жылдың 31 желтоқсаны аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 168,2 млрд теңгеге жуықтайды.
23 Қаңтар, 2023
Павлодар облысы орын тепкен аумақтың ортағасырлық тарихын қарастыратын болсақ, бұл жердің шежіресі Қимақ қағанатымен тікелей байланысты. Тарихшылардың дерегінше, Қимақ бірлестігі 656 жылы Батыс Түрік қағанаты құлаған соң құрылған. Өкінішке қарай, Керекудегі көптеген көне топонимикалық атаудың сыры әлі күнге ашылмай отыр.
23 Қаңтар, 2023
Ақкетік – әрі тарихи, әрі халықтық атау
Маңғыстауда сұраудан халық жалықпай, шешуге билік асықпай жылдар бойы созылып келе жатқан мәселенің бірі – Форт-Шевченко қаласының атауын Ақкетікке ауыстыру жайы. Бұл туралы Egemen Qazaqstan газетінің 2018 жылғы 26 маусымдағы №118 санында «Қарашаңырақты кім «ұстап» отыр?» деген мақала да жарияланған еді. Алайда өзгерген ештеңе жоқ, сондықтан бұл мәселеге қайта қалам тербеуге мәжбүрміз.
23 Қаңтар, 2023
Тараз қаласында Халық әртісі Асанәлі Әшімов атындағы өнер орталығы салынады. Аталған орталық өңір руханиятын насихаттаудағы бірден-бір маңызды нысанға айналмақ. Жаңа нысанның жөн-жобасын зерделеу мақсатында абыз ақсақал көне шаһарға арнайы ат басын бұрды.
22 Қаңтар, 2023
Салтанат Сәдібекованың шығармаларына ширақтықпен қатар колориттің қанықтығы тән. Суретші табиғат сұлулығын жырлай отырып, табиғи ортадағы өмірді анық әрі нанымды бедерлеуге тырысады. Түсті, табиғаттың тылсым бояуларын талғампаздықпен сезінеді.
22 Қаңтар, 2023
Қыс маусымы эпидемиологиялық ахуалдың ұшына түсетін кезі ғой. Оған ауа райының суықтығы алдымен әсер етеді. Жылы жерден шыққан жандар бірден қымтануды ойламай, суық ызғардың бойын алып кеткенін байқамай қалады. Әсіресе тершіген бойымен далаға шыққандар арасынан суықтың кесірінен болатын сырқатқа ұшырап қалуы жиі болады. Биыл солтүстікте қыс біршама жайлы болса да, тұмау жұқтырған адамдар саны 800-ден артық болып отыр. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында тұмаудың өршуі жоғары.
22 Қаңтар, 2023
Кеншілер министрмен кездескісі келеді
Әр аймақтың өзінің шетін мәселелері бар. Өндірісті Қарағанды үшін өнеркәсіптегі ахуал өзекті. Соның ішінде кеншілер проблемасы бар. Қарағандының даңқын асырған, тәуекелі аса жоғары жағдайда еңбек ететін кеншілер тағдыры көмір барда күн тәртібіндегі бірінші мәселе болып қала бермек. Жеті қат жер астында ауыр жұмыс істейтін олардың үнін есту үшін 2021 жылы Келісім комиссиясы құрылған-тын. Бұл комиссия алдыңғы жылы Абай шахтасындағы апаттан соң жасақталғанын атап өту қажет.
22 Қаңтар, 2023
Мысыр елінде NIS оқушыларының ноу-хауы жоғары бағаланды. Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектеп оқушыларының «нашар көретін және зағип жандарға арналған көзілдірік» жобасы шетелдіктерді таңғалдырды.
22 Қаңтар, 2023
Компьютерлік ойын ойлап тапқан оқушы
Қазақ балаларының қолы тиген жер жайнап кетеді ғой, шіркін! Қабілеттерін IT саласында сынап, алғашқы өнертабыстарымен мұхит асып, жалпақ елге танылған өрендерді көргенде бойыңды мақтаныш кернейтіні бар. Келешекте бұл қатарға қарапайым ауыл мектебін тәмамдағалы отырған Темірлан Мұстафин да қадам баспақ ниетте.
22 Қаңтар, 2023