Оқи отырыңыз
Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы тағайындалды
Әкімнің орынбасары Дархан Қосантаев әкімнің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz «Ustinka.Live» сайтына сілтеме жасап.
27 Сәуір, 2023
Технологияны коммерцияландыру жолы
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі кәсіпорынның инновациялық мүмкіндіктерімен екшеленеді. Сарапшылар экономикалық өсім мен жоғары білім ықпалдастығы сұранысқа сай өнім өндіргенде ғана нәтиже береді деген пікірде.
27 Сәуір, 2023
Жамбыл облысында қара жолда қара жамылғандардың қарасы азаймай тұр. Жыл бұрын Күйік асуында 15 көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан жүргізушілер сабақ алмаған секілді. Өкініштісі сол, жыл басынан бері тіркелген жол-көлік оқиғасы салдарынан бақилық болғандардың саны аз емес.
27 Сәуір, 2023
Санаулы күндерден кейін Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте төрткүл дүниенің жанкүйерлері екі жыл бойы асыға күткен бокстан кезекті әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Дүние жүзінің дүлдүлдері жұдырық түйістіретін бұл додаға қазақ боксшылары тас-түйін дайындықпен барары сөзсіз. Бокс десе делебесі қозатын Қазақстан жанкүйерлері бұл жаһандық додада отандастарымыздан ерекше үміт күтеді. Себебі алдымызға қойған мақсатымыз, әлемде үздік үштіктің ішіндеміз деген атымыз бар. Ең әуелі сол атағымызды қорғау керек. Десе де, ең маңыздысы бұл емес, бастысы – бауырлас елде өтетін бәсекеден абыроймен оралу.
27 Сәуір, 2023
ФИФА президенті Қазақстанға келеді
Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының басшысы (ФИФА) Джанни Инфантино Астанаға арнайы келеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
27 Сәуір, 2023
Тойханадағы «емхана» немесе төзімі таусылған талдыбұлақтықтарды кім тыңдайды?
8 мыңнан аса халық тіркеуде тұратын Талдыбұлақ ауылындағы дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетініне байланысты «Алатау» дәмханасына көшірілген медицина мекемесінің бүгінгі жай-күйі жаға ұстатарлық. Бастапқыда екі-үш айға деп жайғасқан мекеменің жұмыс істеп жатқанына екінші жылға айналып барады. Содан бері ешқандай медициналық талапқа сай келмейтін тойхананың даңғарадай залына қатарласа орналасқан дәрігерлер бала мен қартты, ауру мен сауды сапырылыстырып, қатар қабылдап жатқанына жұрт күйінеді.
26 Сәуір, 2023
Осыдан тура бір жыл бұрын «Egemen Qazaqstan» газетіне «Құлжаның» қандай кінәсі бар?» деген мақаламыз жарияланған еді. «Құлжа» деп отырғанымыз – Тараз қаласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірі. Серіктестік директоры, еңбек ардагері Аманқұл Нысанбаев редакциямызға хат-қағаздарын арқалап бірнеше рет келді. Жақында Тараздан тағы бір бума қағазымен қоса «Сіздерді қайта мазалағаныма кешірім сұраймын» деп басталатын үш беттік өтініш-хатын жолдапты. Жасы сексеннен асқан Аманқұл ақсақалдың құқық қорғау органдарының есігін қағып, табалдырығын тоздырып жүргеніне отыз жылдан асыпты. Отыз жыл бойы әділдікке жете алмаған «Құлжаның» екі ісі де әлі күнге дейін тығырыққа тіреліп тұр.
26 Сәуір, 2023
Дауылпаз ақын, батыр Махамбет Өтемісұлының Жәңгірге «Хан емессің, қасқырсың, қас албасты басқырсың... Хан емессің, ылаңсың, қара шұбар жылансың...» деп бетің бар, жүзің бар демей сойып салатыны бар емес пе? Қазақ жерінің батыс бөлігінің аға сұлтаны Баймағамбет Айшуақұлымен бетпе-бет кездескен тағы бір шайыр Шернияз Жарылғасұлы оның шен-шекпеніне қарамай, қысастығын бетіне басқан.
26 Сәуір, 2023
Еліміздегі авиация әкімшілігі дрон иелерімен өзара іс-қимылды нығайту үшін арнайы «Dronekazakhstan» telegram арнасын іске қосты.
26 Сәуір, 2023
Зерделілер ойыны пәнге айналады
Елімізде шахмат спортын мектеп бағдарламасына факультативтік пән ретінде енгізу бағдарламасы дайындалып жатыр. Болашақта шахматты оқытуды мектепалды даярлықтан жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің басқа сатыларына да енгізуге болады. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) басшылары мен Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) сарапшылары мәлім етті.
26 Сәуір, 2023
Өскеменнің «Алтай» волейбол клубы Вьетнамның Виньфук қаласында жалауы желбіреген клубтар арасындағы Азия чемпионатын жеңіспен бастады.
26 Сәуір, 2023
Ақындардың халықаралық фестивалі
Биылғы «Қарағанды көктемі» елдің есінде ұзақ уақыт сақталады, сірә. Өйткені бұл халықаралық деңгейдегі поэзия фестивалі еді. Сонау Әзербайжаннан, Түркиядан арнайы қонақтардың ат арытып келуі оның салмағын одан сайын арттыра түскен-ді. Екі күнге созылған фестивальдің өтуіне мұрындық болған – Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды филиалының басшысы Жанат Жаңқашұлы, зор қолдау көрсеткен – Қарағанды қаласы әкімдігі.
26 Сәуір, 2023
Кешегі өткен панельдік отырыстар Ассамблеяның тыңнан түлеуге, жаңаша жұмыс істеуге ұмтылысын келісті көрсетіп берді. Толғағы жеткен мәселелерді ашық айтып, қиын түйіндерді шиеленбей тұрып тарқату ғана тығырыққа тірелуден сақтай алады.
26 Сәуір, 2023
Астанада жылыту маусымы қашан аяқталатыны белгілі болды
Елорда әкімдігі пәтерлерге жылу беру қашан тоқтатылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
26 Сәуір, 2023
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,95 теңгеге төмендеп, 453,93 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Сәуір, 2023
Журналистер күніне орай байқау жарияланды
Қазақстан Журналистер одағы 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мерекесіне орай жыл сайынғы дәстүрлі байқау өтетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Сәуір, 2023
«Байлықты ақшамен өлшеу қиын»: Қуантыров «бай адам» ұғымына анықтама берді
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа Салық кодексіне қатысты бірқатар түсініктеме бере отырып, елімізде сән-салтанат салығын төлейтін «бай адам» қалай анықталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Сәуір, 2023
Жазда коммуналдық қызмет тарифтері өседі
Қазақстанда шілде айынан бастап коммуналдық қызмет тарифтері өседі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Сәуір, 2023
Венгр қызы: Қазақстанға қазақ тілін үйрену үшін көшіп келдім
Қазақ мәдениетін зерттеп жүрген шетелдік қыздың ерекше оқиғасы таңғалдырды. Ол қобыз аспабында да жақсы ойнайды. Шетелдік азамат тіл үйрену үшін Түркістанға келіп, ұлттық аспаптарда ойнаудың қыр-сырын меңгере бастағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
26 Сәуір, 2023