Оқи отырыңыз
Шымкент мұнай өңдеу зауыты қайта жанданды
Еліміздегі үш ірі мұнай өңдеуші зауыттың бірі Шымкенттегі «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС көктемнің басында жоспарға сай ағымдағы жөндеуге байланысты өндірісін уақытша тоқтатқан еді. Енді жөндеу мезгілінің бітіп, қондырғыларды қайта қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуына орай кәсіпорын бұрынғыдай қызметіне қайта кірісіп отыр. Бұл жөнінде зауыт басшылығы арнайы мәлімдеме жасады.
11 Сәуір, 2023
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің Астанаға ресми іс-сапары қарт Каспийді бойлаған екі бауырлас елдің қарым-қатынасын одан әрі нығайтып қана қоймай, жалпы түркі интеграциясының үдерісін дамытады.
11 Сәуір, 2023
Шетелдік инвестиция: рекордтық көлем
2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 28 млрд долларды құрады. Бұл – 2021 жылғы көрсеткіштен (23,8 млрд доллар) 17,7%-ға артық. Сондай-ақ бұл – кейінгі 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш – 2012 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 28,9 млрд болған.
11 Сәуір, 2023
Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Азия чемпионатының финалына шықты
11 сәуірде күрестен Азия чемпионатында әйелдер арасында жекпе-жек басталды. Қазақстан бес салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, арасында тек Эльмира Сыздықова ғана жарыстың «алтыны» үшін белдесуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Сәуір, 2023
Найзағай, бұршақ, аяз: 12 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 2023 жылдың 12 сәуіріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Сәуір, 2023
«Халық әртісі» атағын алғандарға төленетін үстемеақы екі есе ұлғаяды
«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағына ие болған мәдениет қызметкерлеріне базалық лауазымдық еңбекақының 100% мөлшерінде үстемеақы төленеді. Қаулы жобасы бүгінгі Үкімет отырысында бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Сәуір, 2023
Пітір садақасын кімдер беруге міндетті?
Рамазан айында мұсылман адамның өзі және отбасындағы әр адам үшін пітір садақа беруі – уәжіп.
11 Сәуір, 2023
Шавкат Рахмонов Президентпен не жайлы әңгімелескенін айтты
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесудің жай-жапсарын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Сәуір, 2023
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғыша жетінші орында келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
11 Сәуір, 2023
Жоғары білім – ғылым мен мәдениеттің арқауы
Осы жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Президенті жанынан Ғылым мен технология мәселелері жөнінде ұлттық кеңес құру туралы Мемлекет басшысының Жарлығы шықты. Кеңестің құрамына Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, елімізге белгілі ғалымдар қатарынан 42 адам мүше болып, үш жыл мерзімге сайланды.
11 Сәуір, 2023
Жетісуда былтыр 16 білім беру нысанының құрылысы жүргізілген. Оның ішінде 2 050 орындық 6 білім ошағы іске қосылды. Сондай-ақ 58 мектеп жаңғыртылып, 7-еуі күрделі жөндеуден өтті. Қазір облыс орталығында жаңа мектептер ашылып жатыр. Бүгінде білім саласының мамандары өңір бойынша балаларды 1-сыныпқа қабылдауды бастады.
11 Сәуір, 2023
Астанада жалауы желбіреген шахматтан 17-ші әлем чемпионатының алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетті. Былтырғы үміткерлер турнирінің жеңімпазы Ян Непомнящий мен Мадридтегі доданың екінші орын иегері Дин Лижэнь арасында әлем чемпионы атағы үшін өтіп жатқан бәсекенің алғашқы партиясы бес сағатқа жалғасып, 49 жүрістен кейін тең аяқталды.
11 Сәуір, 2023
Барлық адам өз баспанасы болғанын қалайды. Алайда оған жұрттың бәрінің мүмкіндігі жетпей жатады. Осы орайда тұрғын үйді сатып алу үшін «Өз үйім» бағдарламасы бойынша көңілге қонымды пайыз ұсынып отырған қаржылық институттың бірі – «Отбасы банк» .
10 Сәуір, 2023
130 мың адамға арналған игілік
Әлеуметтік әріптестік аясында Павлодар облысында екі мектеп салу көзделіп отыр. Бұған қоса өңірдегі 10 колледждің материалдық-техникалық базасы нығайып, мыңдаған педагог біліктіліктерін арттыра алады. Ал 8 кітапхана ғимараты толықтай жаңарып, келушілерді тарта түседі.
10 Сәуір, 2023
Қайбір ұлы ақындардың жеке төлқұжатына айналған тақырыптары бар. Петрарканың Лаурасы орта ғасырда туып, бүгінге дейін Еуропа поэзиясының мінберінен түскен емес. Шығыстық символикалық ұғымдармен астасқан Ләйлә тақырыбы болса, бір мысқал құндылығын жоғалтқан жоқ. Ал Жұматай ақынның Ләйләсі... Бұл Шығыс ақындары сарынына ұқсамайды. Бұл нағыз ұлттық қынаптан шыққан, қазақы қоңыр қайнардың бірегей туындысы.
10 Сәуір, 2023
Алғашқы күні әнұран шырқалған жоқ
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Дүбірлі додада 22 мемлекеттен келген 400-ге тарта балуан бақ сынап жатыр. Солардың арасында әр жылдары Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында жүлде алған сақа спортшылар да бар. Жарысты әдеттегідей грек-рим күресі шеберлері бастады. Өкінішке қарай, алғашқы күні зәулім сарайда Қазақ елінің әнұраны шырқалмады.
10 Сәуір, 2023
Жексенбіде футболдан Қазақстан Премьер-лигасының бесінші туры аясындағы соңғы үш ойынды тамашаладық.
10 Сәуір, 2023
Көш басында – Швентек пен Джокович
Теннисшілердің әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Әлемнің ең үздік ойыншыларының алғашқы бестігінде айтарлықтай өзгеріс жоқ.
10 Сәуір, 2023
Алматыдағы Арбатта өтетін дәстүрлі қолөнершілер көрмесінің аясы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Соңғы 25 жылда Жібек жолының бойында жәрмеңкенің көрігі қызып, Алматы қолөнершілер палатасы осы игі шараны жақсарту мен шеберлердің табыс табуына қолайлы жағдай қарастырып отыр.
10 Сәуір, 2023
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтті. Онда VIIІ сайланған Парламенттің І сессиясына арналған Сенаттың негізгі іс-шаралар жоспары және 11 сәуірде өтетін Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді.
10 Сәуір, 2023