Оқи отырыңыз
Әлем чемпионы Асланбек Шымбергеновке де пәтер берілді
Ташкентте өткен бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Асланбек Шымбергенов пен күміс жүлдегер Дулат Бекбауовты Жамбыл жұртшылығы сән-салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Мамыр, 2023
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Гагарин саябағында спортпен айналысу мүмкіндігі туып отыр. Жуықта мұнда бочча ойынына арналған алаң ашылды. Жергілікті жасөспірімдер үзбей жаттығу жүргізіп, Польша елінде өтетін халықаралық жарысқа дайындалып жатыр.
17 Мамыр, 2023
Жезқазғандық оқушы Сафи Аманкелді АҚШ-тың Айова штатының Ғылым және технология университетінде оқитын болды.
17 Мамыр, 2023
Тәрбие мен саламаттылық зәрулігі
Республикада мектепке дейінгі тәрбие ошақтарында 200 мыңнан астам орын жетіспейді. Бүгінде еліміздегі 11 мыңға жуық балабақшаның 5 мыңнан астамы жекеменшік секторға тиесілі. Мектепке дейінгі жекеменшік тәрбие ошақтарының көбеюін мамандар бәсекелес ортаның қалыптасуына ықпал ететін жағымды үрдіс деп бағалап отыр.
17 Мамыр, 2023
Ақтөбе облысының қазіргі экономикалық өсімі тұрақты. Жалпы, салалар бойынша ауыл шаруашылығы – 100,9, инвестиция көлемі – 111,4, құрылыс – 115, тұрғын үйді пайдалануға беру 101,1 пайызды құраған. Биыл тағы 1 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделіп отыр. Өңірдің жолдары да тақтайдай тегіс болмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
17 Мамыр, 2023
Халықаралық отбасы күніне орай Сыр өңірінде түрлі бағыттағы 25 іс-шара өткізілді. Дәл осы күні «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының I кезеңіне құжат қабылдау басталды. Жалпы, осы байқау ұйымдастырыла бастағаннан бері оған өңірден 1900-ге жуық үйелмен, яғни отбасы қатысыпты.
17 Мамыр, 2023
Халықаралық отбасы күніне орай Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Отбасым – Отанымның тірегі» атты форум өтті. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов пен көпбалалы отбасы мүшелері, ардагерлер, зиялы қауым, жастар қатысты. Солардың ішінде ережесіз жекпе-жектің жарқын өкілі Арман Оспан мен бокстан халықаралық дәрежедегі жарыстардың жүлдегері, танымал спортшы Біржан Жақып отбасымен келді.
17 Мамыр, 2023
Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қалаларында өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы қатарынан екінші ойында жеңілді. Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері үшінші турда Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, В тобының көшбасшысы Швейцария хоккейшілерімен шеберлік байқасып, бұл жолы да ірі есеппен қарсыластарына жол берді.
17 Мамыр, 2023
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Сиань университетінің филиалы ашылады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Мамыр, 2023
Қазақстанда қытайлық ЖОО филиалы ашылады
Мемлекет басшысы Қытай Президентімен келіссөз барысында Қазақстан Қытай ЖОО-лары бірінің филиалын ашуға мүдделі екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Мамыр, 2023
Сирияда үйінді астында 3 ай бойы жатқан ер адам құтқарылды
Сириядағы жер сілкінісінен үш айға жуық уақыт өткеннен кейін үйінді астынан тірі адам табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Akhbar.fouri сайтына сілтеме жасап.
17 Мамыр, 2023
Испанияда қуаңшылық зардабын тартқан шаруаларға бюджеттен 800 миллион еуро бөлінбек
Испанияда құрғақшылық белең алып, ауыл шаруашылығына орасан зиян келіп отыр. Биліктегілер су көлемін ұлғайтып, фермерлерге 800 миллион еуро бөлетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz Еuronews-ке сілтеме жасап.
17 Мамыр, 2023
Синоптиктердің айтуынша биыл елімізде жаз ыстық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Мамыр, 2023
Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы қымбаттады
Қазақстанда теміржол билеттерінің бағасы бір жылда 27% қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Мамыр, 2023
Әлем чемпионаты Астанада өтеді
Бокстан 2024 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Астанада өтеді. Бұл ақпарат Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ресми сайтында жарияланды.
17 Мамыр, 2023
Биыл «Астананың» қарқыны бәсең
Бұл күндері Апеннин түбегінде «Джиро д’Италия» көпкүндігі өтіп жатқаны белгілі. Кеше велошабандоздар бір күн демалып, жарыс жолына қайта шықты. Әлемдік гранд-турдың тоғызыншы кезеңінен кейін былтырғы «Испания Вуэльтасының» жеңімпазы, «Soudal Quick-Step» командасының 23 жастағы бельгиялық велошабандозы Ремко Эвенепул көш бастап келеді. Оның уақыт көрсеткіші – 34 сағат 33 минут 42 секунд.
17 Мамыр, 2023
Тәуелсіздік алдында қайта жаңғырған айтыс тарихында «Қазақтың Сары тентегі» – ақын Қуаныш Мақсұтовтың есімі ерекше аталады. Оның «Сары тентек» аталуының тарихы да бар. Бұл атауды 1990 жылы Ташкентте өткен халықаралық айтыста «Қазақ айтысының, қазақ елінің абыройын сақтап қалдың, айналайын Сары тентегім!» деп Халық ақыны Қонысбай Әбілов риза болып берген екен.
16 Мамыр, 2023
Саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеуде ерекше орын алатын бірнеше тетік бар. Соның бірі – отбасы институты. Қазақтың данагөйлері отбасындағы тәрбиенің маңызын «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген бірауыз сөзбен түйіндеген.
16 Мамыр, 2023
Жезқазған қаласының Неке сарайында шаңырақ көтерген жас жұбайлардың некелесу рәсімі салтанатты жағдайда өтті. Жастарды Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғ.Құсманғали арнайы келіп құттықтады.
16 Мамыр, 2023
Халықаралық отбасы күніне және Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай «Махаббат эстафетасы» атты жас отбасылар байқауы өтті. Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен сайысқа өңірдегі 17 аудан, қалаларынан іріктелген үздік жас отбасылар қатысты.
16 Мамыр, 2023