Оқи отырыңыз
Қызылордадағы облыстық кәсіпкерлер палатасына жалпы көлемі 82,8 млн теңге айыппұл арқалаған 7 кәсіпкер араша сұрай келіпті. Жалпы мұндайлардың қатары 80-нен асып жығылатын көрінеді. Бірақ көпшілігіне салынған айыппұл көлемі әзірге белгісіз болып отыр.
23 Мамыр, 2023
Былтыр мол өнім алғанымен, бидайын дұрыс бағаға пұлдап өткізе алмаған шаруалар осы жолы жылдағыдай мамырдың аяғын күтіп жатпастан ерте қимылдап, тұқым себу жұмыстарына қауырт кірісіп кетті. Биыл өңірге бесқонақ кешікпей келді. Жер де дер уақытында дегдіп үлгерді. Күннің қоңыр салқын райы да топырақ қыртысындағы ылғалдың ұзағырақ сақталуына қолайлы болып тұр. Диқандар дәл қазір ылғал 70 сантиметрге дейін барады дейді.
23 Мамыр, 2023
Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Моңғолиядан келген 15 стартап Кремний алқабында бес апталық «Hero Training» бағдарламасы бойынша оқуды бастады. Олар «Astana Hub» және «Draper University» халықаралық технопаркінің «My Ventures»-пен серіктестікте бірлескен преакселерациялық бағдарламасының нәтижелері бойынша іріктеліп алынған.
23 Мамыр, 2023
Астанада киіктер туралы алғашқы ғылыми-танымдық мәліметтерді қамтитын «Aqboken Saiga tatarica» атты фотоальбомының таныстырылымы болды.
23 Мамыр, 2023
Біртуар әдебиеттанушы ардақталды
Жақында Алматыдағы Мұхтар Әуезов мұражай-үйінің мәжіліс залында аса көрнекті әдебиетші ғалым, сыншы, абайтанушы, әуезовтанушы Айқын Нұрқатовтың 95 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Пәни дүниеде 35 жыл ғана жасаса да, артына соншалықты мол әрі мәйекті мұра қалдырған айтулы әдебиеттанушыны ардақ тұтқан келелі жиынның өтуіне М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мұрындық болғанын айту ләзім. Конференцияны ашқан аталған институттың директоры, филология ғылымдарының докторы, ҰҒА корреспондент-мүшесі Кенжехан Матыжанов әрі қарай модераторлық тізгінін ұстады.
23 Мамыр, 2023
Бахрейннің астанасы – Манамада волейболдан ерлер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты өз мәресіне жетті.
23 Мамыр, 2023
Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) Дурбан қаласында үстел теннисінен әлем чемпионаты басталды.
23 Мамыр, 2023
Аралдағы «Қызғалдақ фестивалі»
Аралда осындай фестиваль өтті дегенде екінің бірі «оу, құм суырған өлкеде қайдағы қызғалдақ?» деуі әбден мүмкін. Әйтсе де шөл далада да көрген жанның көзін қызықтырар небір өсімдік бар ғой. Соның бірі – осы аймақта жиі кездесетін Борщов қызғалдағы.
23 Мамыр, 2023
Астананың сол жағалауында салынып жатқан ғимарат өртенді
Бүгін, 23 мамырда Астананың сол жағалауында құрылысы аяқталуға жақын жаңа ғимараттардың бірі өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Мамыр, 2023
«Silk Way» телеарнасы Әзербайжанда хабар таратады
Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің «Silk Way» халықаралық телеарнасы Әзербайжан Республикасы кабельдік телевизиясының 14 операторының арналар пакетіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Мамыр, 2023
Қызылордалық оқушы жаңа математикалық кесте ойлап тапты
Роза Садық математиканы оқыту әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте жасап шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
23 Мамыр, 2023
Доллардың теңгеге шаққандағы құлдырауы әлі байқалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
23 Мамыр, 2023
Дәрігер денсаулыққа зиян диеталарды атады
Токсиколог-дәрігер Михаил Кутушов арықтататын диеталар денсаулыққа елеулі зиян тигізетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
23 Мамыр, 2023
ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген нысандар саны артады
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енетін нысандар саны артатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Мамыр, 2023
Димаштың Перудегі жанкүйерлері балалар үйіне көмектесті
Перудегі Dears жанкүйерлері балаларға көмектесу үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Мамыр, 2023
Көпке мәлім, биыл жетісулық шаруалар халықты қантпен жеткілікті көлемде қамтамасыз етуді көздеп отыр. Олай дейтініміз, бұрынғыдай емес, егістік көлемі 2 есеге ұлғайған. Оның үстіне өңірде бос жатқан жерлерді халықтың игілігіне беріп, шағын шаруаларды да егін егуге жұмылдырып жатыр. Қазір кәсіп иесінің көпшілігі егін басында жүр.
23 Мамыр, 2023
Үлкен Алматы автожолы пайдалануға беріледі
Салынуы жайлы 15 жыл бұрын айтылып, биыл ғана аяқталғалы отырған Алматыдағы Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (БАКАД) 2023 жылдың маусым айында пайдалануға берілмек. Бұл туралы «БАКАД инвестиция және операциялар» мекемесінің басшысы Айман Жанұзақова хабарлады. Айтуынша, жобаның жалпы құны – 743 млн доллар. Оның 78 пайызы – займ қаржысы болса, 22 пайызы – жеке қаражат. Жобаны үш қаржы мекемесі – Еуропа қайта құру және даму банкі, Еуразия даму банкі және Ислам даму банкі қаржыландырған. Ал құрылысты түркиялық Alarko Holding және Makyol, кореялық SK ecoplant және Korea Expressway Corporation компанияларынан құралған консорциум жүзеге асырып жатыр. Автожол мемлекет меншігіндегі мүлік болып саналады.
23 Мамыр, 2023
Италияның Эмилья-Романья аймағындағы көп елді мекенді әлі де су басып жатыр. Өткен аптада басталған жаңбыр енді ғана толастады. Су тасқыны қаупі Италияның солтүстігінен оңтүстікке қарай жылжып, Калабрияда қауіпсіздіктің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды, онда бұқаралық іс-шара тоқтатылды.
22 Мамыр, 2023
«Әулиеата жастары»: 40 отбасының баспана қуанышы
Көздерінде от ойнаған жастары мықты елдің келешегі жарқын екені рас. Бүгінде билік тарапынан жалынды жастарды қолдау мақсатында ілкімді істер қолға алынған. Ал биылғы наурыздан бастап, еліміздегі 14-35 жас аралығындағы азаматтар жастар санатына қосылды. Бұрын 14-29 жас аралығындағы азаматтар жастар санатына жататын.
22 Мамыр, 2023
Бұл жолы да Өнер музейінде өтіп жатқан «Музей түні» халықаралық акциясына жиналған жұрттың қарасы аз болмады. Күмбірлете күй төккен дәулескер күйші де, жезтаңдай әнші де музейлердің маңынан табылды. Қылқалам шеберлерінің де бастары қосылып, мәре-сәре болысты.
22 Мамыр, 2023